Атырау, 5 шілде 11:54
 ашықВ Атырау +37
$ 475.39
€ 513.37
₽ 5.40

Астанада Әбділда Мұқашев атындағы сыйлық табыс етілді

568 просмотра

Астанадағы Журналистер одағы филиалында Қазақстан Журналистер одағының 2024 жылғы жүлдегерлері мен жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Оrda агенттігінің тілшісі.

Сонымен, Қазақстанның Құрметті журналисі атағын өмірінің көп бөлігін Қазақ радиосындағы қызметіне арнаған, журналистика саласының майталманы Әнапия Әмрина алды. Оған «Құрметті журналист» сертификаты мен арнайы төсбелгіні журналист, жазушы-публицист, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Шархан Қазығұл табыс етті.

Қазақстан Журналистер одағының алтын медалімен автор ретінде қазақ журналистикасының дамуына сүбелі үлес қосып, қазақстандық медиа саласының мүддесін ілгерілетуді жалғастырып келе жатқан Сенат депутаты, парламенттің жоғарғы палатасының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің мүшесі Айгүл Қапбарова марапатталды. Куәлік пен Алтын медальді сенаторға Қазақстанның Құрметті журналисі – Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи табыс етті.

Қазақстан Журналистер одағының 2024 жылғы байқауының жеңімпазы ретінде «Хабар 24» телеарнасының журналисі Мирлан Алтынбек пен «Ана тілі» газетінің журналисі Айзат Жолдасова танылды - лауреат дипломдарын оларға Одақтың  Астана қаласындағы  филиалынің төрағасы Әмір Қасенов табыс етті.

Байқау бағдарламасынан тыс  «Ақ Жайық» (Атырау) газетінің Әбділда Мұқашев атындағы жүлдесін өзекті әлеуметтік тақырыптағы деректі фильмдердің авторы Ринат Балғабаев алды. Лауреаттың дипломын оған газет шығарушысы Жомарт Әмірханов табыс етті.

Сондай-ақ байқау бағдарламасынан тыс «Айтпа, Ботагөз» тelegram-арнасының авторы Ботагөз Омарова мен «Сыбайлас жемқорлықты тергеу қоры» интернет-басылымының жетекшісі Кирилл Павлов марапатталды.

2 шілде, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.