Атырау, 24 қараша 03:20
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Роккидің көмегімен Атырауда жоғалып кеткен зейнеткер табылды

797 просмотра

Атырауда қызметтік иттің көмегімен 72 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны екі сағат ішінде табылды. Кіші инспектор-кинолог Айбар БАТВЫРОВ Рокки есімді қызметтік итімен әжені Теміржол вокзалы маңынан іздеп тапты. 

Белгілі болғандай, 30 маусым күні түскі сағат 12:30 шамасында жоғалған әйелдің ұлы 102 арнасына хабар берген. Айтуынша, анасы сөйлей алмайды және психикалық ауытқуы бар көрінеді. Ол сағат 9:00 шамасында Химпоселек ықшамауданында туыстарының үйінен шығып, сол күйі хабарсыз кеткен. Туыстары оны өз бетімен іздеп көргенімен, таба алмаған. 

Жедел қоңырау қабылдаған тәртіп сақшылары бірден жылдам әрекетке көшіп, егде жастағы әжейді іздеуді дереу ұйымдастырған. Полицейлер оның баруы мүмкін барлық жерлерді тексеруге кіріседі. Кіші инспектор- кинолог Айбар қызметтік итімен бірге әйелді іздеуге жұмылды. Рокки азаматшаның киіміндегі иісі арқылы ізіне түседі де, Теміржол вокзалы маңынан табады. Табылған әжейдің туыстары полицейлерге жедел іздестіргені үшін ерекше алғысын білдірді.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

1 шілде, 18:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.