Атырау, 25 қараша 23:01
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бұзақылар вахталық поселкеге шабуыл жасады

2 791 просмотра

23 маусымға қараған түні Қызылқоға ауданының Мұқыр поселкесінен 20 шақырым қашықтықта орналасқан вахталық поселкеге бір топ бұзақы шабуыл жасады. 

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, шабуыл жасаушылар жеті адам болған. Олар «Мицубиси  Монтеро спорт» джипімен келіп, бірнеше жұмысшыны ұрып-соғып, кетіп қалған. Келесі күні ІІД мен Қызылқоға АІІБ қызметкерлері Мұқыр селолық округінің Жантерек ауылының 22-26 жастағы 7 тұрғынын ұстаған. Мойнынан жарақат алған 26 жастағы ЖШС шебері мен көзінен жарақат алған 35 жастағы күзетші шабуыл жасаушыларды таныды. ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабының 2-тармағы («Адамдар тобы жасаған бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

24 маусым 2013, 17:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.