Атырау, 25 қараша 02:14
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Абдолланың алтын домбырасы

655 просмотра

Индербор кентіндегі Арбатқа Абдолла МУСАҒАЛИЕВҚА арнап, домбыра мүсіні қойылды. 

А.Мусағалиев (1934-1971 ж.ж.) талантты композитор, күйші, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген қайраткері, Дүниежүзілік студенттер мен жастар фестивалінің лауреаты.

- Абдолла ағамыздың есімін мәңгі сақтау барысында оның атында көше бар. Алайда ол жетімсіздеу көрініп жүретін, ғимаратқа есімін бергіміз келгенімен ол ойымыз орындалмады. Содан ойлай келе алтын домбыра мүсінін жасап, халыққа ұсынуды жөн көрдім. Бұл идеяның авторы өзім болғандықтан эскизін де өзім сызып шығардым. Жалпы Абдолла есімін жаңғырта отырып, ауыл мәдениетін насихаттау еді, - дейді Индер ауданы әкімі Дарын ШАМҰРАТОВ.

Алтын домбыраны жасап шығару 6 млн теңгеге бағаланды. 

Әкім идеясын қолдаған жергілікті кәсіпкер, "ARSM" ЖШС-нің негізін қалаушы Жәнібек ШАРИПОВТЫҢ демеушілік қолдауымен домбыра монументі жасалып шығарылған. Бойынан күй төгілген алтын домбыраға Абдолла Мусағалиевтің есімі беріліп, онымен бірге 1958 жылы Қазақстан әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі онкүндігіне Индер ауданынан қатысқан Әділ Есқалиев, Мажан Есқазиев, Мәулет Қарасаев, Тұрғанәлі Үсенғалиев, Қуанышқали Қарақұлов, Үнзира Өмірбаева, Қанапия Махметованың есімдері қашалып жазылған болатын. Күндіз-түні жарқырап тұрған домбыраның бойынан күй төгіліп, кент халқын зор ықыласқа бөлеп отыр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

1 шілде, 13:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.