Атырау, 22 желтоқсан 18:14
 бұлттыВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Миялыда найзағай түсіп, шетелдік азамат қайтыс болды

1 699 просмотра

16 маусымда Миялы ауылындағы жеке тұрғын үйге найзағай түскен еді.  Үй өртеніп, сөндірілді, бұған дейін өкілетті органдар өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ деп мәлімдеген болатын.  Алайда кейін үйдің ішінде адам бар болғаны белгілі болды.

1989 ж.т. Өзбекстан азаматы жаңадан салынып жатқан үйдің ас бөлмесінде болған.

Тергеу  барысында, аталған азаматтың Қазақстанға 28 мамыр 2024 жылы "Бейнеу" шекара бекеті арқылы кіргендігі, Миялы ауылындағы тұрғынның үйінде  уақытша тіркелгендігі анықталды.

Мүрдені қарау кезінде дене жарақаттары анықталған жоқ.

Мүрде Сот-медициналық сараптама тағайындау үшін аудандық аурухана жанындағы мүрдеханаға тапсырылды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

27 маусым, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.