Атырау, 23 желтоқсан 20:16
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Егеуқұйрықтарға «қысым» жасалмақ

2 978 просмотра

Қалада тышқан мен егеуқұйрықтарды кең масштабты жою (дератизация) шаралары жүргізілетін болады.

Бұл туралы қала әкімі  М.ЕСМҰРАТОВ 25-ші наурыздан 25-ші мамыр аралығындағы жарияланған санитарлық тазалық жөніндегі екі айлықтың бірінші қорытындысы бойынша өткен мәжілісте мәлім етті. Әкім кемірушілерді жоюды бірден барлық жерде бірдей бастауды талап етті. Өйткені, өткен жылы қолға алынған шаралар айтарлықтай нәтиже бере қоймады. Қаптаған егеуқұйрықтар бір мөлтек ауданнан екінші мөлтек ауданға көшіп отырды.

Жол полициясына көшелерге балшық түсіріп жататын жүк машиналарының жүргізушілеріне аяусыз айыппұл салуға тапсырма берілді. Сондай-ақ, брезентпен бүркемеленбеген көліктермен қалдықтарды тасымалдаушы жүргізушілерге де айыппұл салынады. Барлық кәсіпорындар мен мекемелер қалалық сәулет бөлімімен ғимараттар мен үйлердің қасбетін жаңарту мәселесі бойынша келісімге отырулары керек. Яғни, қалада тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттары түрлі-түсті болмауы тиіс.

Қала әкімінің орынбасарыӘділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВКЕ қалақұрылыс комиссиясының жобаларын қарау барысындаағаштарды отырғызуды және газон төсеуді уәде еткен, кейін өз сөздерінде тұрмаған құрылысшылармен арадағы мәселені шешуді тапсырды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 сәуір 2011, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.