Бүгін, 24 маусымда 7 сағат 20 минутта Индербор поселкесінен Атырау – Орал трассасына дейін апаратын жолда кісі өліміне әкелген жол апаты орын алды.
«Лада-Приораның» 31 жастағы жүргізушісі Индербордан шығып Орал трассасын бетке алыпты. Одан 3 шақырымдай жерде көлік рөліне ие бола алмай, көлік аударылып түскен. Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі жолаушы – 24 жастағы әйел мен 32 жастағы ер адам (екеуі де Индербор тұрғындары) сол жерде көз жұмған. Жүргізушінің өзі мен тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен Индер аудандық ауруханасына жатқызылды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ