Атырау, 11 желтоқсан 03:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

"Ұлттық тарих жазу Хан кененің басын қайтарудан басталсын!". "Қазақ тойы той ма, әлде бәсекелестік пе?". "Қазақстанда педофилдерге өлім жазасын тағайындау ұсынылды". "Рингіге айналған рейд".

2 480 просмотра

SERKE.ORG. "Польша президентінің өлімінде қандай сыр бар?" - 2010 жылы сәуірде Польшаның бірінші басшылары отырған ұшақтың Смоленскіге жақындағанда апатқа ұшырауының себептерін зерттейтін парламенттік топтың жетекшісі Антони Мацеревич президенттік Ту-154 ұшағының өздігінен жазатын құралдарының жазбаларының көшірмелері бұрмаланған деп есептейді, деп жазады Австрияның Der Standard басылымы.

"Қырғыздар уәдесінде тұрмады" - «Қырғызстанның Көк-Сай аулының тұрғындары Қазақстанмен жер алмасу туралы 2008 жылғы келісімнің күшін жоюды талап етуде», - деді дүйсенбі күні ҚР Жокоргу Кенеш депутаты Эсенгул Исаков. Депутаттың түсіндіруінше, Қырғызстан мен Қазақстанның ЖӨБ органдарының арасында қол жеткізілген 2008 жылғы келісімде осы өңірдегі үлкен жер сынасы қазақстандық тарапқа кетуі тиіс, оның орнына қырғыздар жағы сынаның екі жағындағы жерді алуы тиіс болған. Үлкен сына территориясында канал бар да, одан Қырғызстан территориясы су алады.

QAMSHY.KZ. "Ұлттық тарих жазу Хан кененің басын қайтарудан басталсын!" - Кенесары ханның тарихтағы орны қазақ даласының нағыз патриот-батырларын – үш жүздің өкілдерін Қазақ мемлекетіне  тәуелсіздік алып беру үшін маңайына топтастыра білгендігі. Ол Азаттықтың ақ жолына өзінің екі ағасы – Саржан мен Есенгелдіні, әкесі –Қасым сұлтанды, інісі – Наурызбай батырды, ағайындарымен  қоса өзінің басын да тікті.

KAZAKHSTANZAMAN.KZ. "Таудай еңбегімді қолдамаған биліктен күдерімді үздім" - Бүгінде көпшілік қауымға «Сүлеймен Тоқсанбай деген кім, қандай еңбектерін білесіз?» деген сауал қойсақ, жасөспірімдерді былай қойғанда, зиялы қауымның өздері күмілжитініне күмәніміз жоқ. Алайда нарықтық экономиканың түрлі салалары бойынша сөздіктер түзу жолында еңбектенген, тер төккен тұлғаның есімін білмеу, еңбегін елемеу елдігімізге сын емес пе? Бір өкініштісі бірнеше қыруар еңбек жазып, сөздік жасаған ғалымға (ғылыми атағы жоқ болса да ерен еңбегіне орай «ғалым» атап отырмыз) әлі күнге дейін мемлекет таранынан атақ та, қолдау да болмаған.

"Қазақ тойы той ма, әлде бәсекелестік пе?" - Соңғы уақытта көптің көңілін күпті етіп, ойландыратын «әлеуметтік мәселеге» айналып бара жатқан өзекті мәселе – ол «Бүгінгі үйлену тойлары тойдан гөрі бәсекелестікке айналып бара жатқан жоқ па?» — деген сауал. Бұған қоса бүгінде көп жерлерде «Қазақтың үйлену тойлары тойдан гөрі «шоуға» ұқсап бара жатқандай ма қалай?!..» — деген пікірлерді де құлағымыз жиі шалып жатады. Той десе жиған-тергенін шашып, барын төгетін қазақ тойларының тұрпатын осылай сипаттауға не түрткі болды?

AZATTYQ.ORG. "11 ел Сириядағы көтерілісшілерге көмектеспек" - 22 маусымда "Сирияның достары" аталатын елдер - Египет, Түркия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Иордания, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері Доха (Катар) қаласында кездесті.

"«Бірыңғай банкомат» идеясы тарифті төмендетпек" - Кейбір жетекші коммерциялық банктер ұлттық банктің бірыңғай процессинг орталық құру туралы бастамасын қолдамайды. Ал ұлттық банк оларды «тарифтерің қымбат» деп сөгеді.

"Қоғамдық комиссиялар түрме туралы заң жобасынан үміттенді" - Егер ел президенті тиісті заң жобасына қол қойса, Қазақстандағы қоғамдық ұйым өкілдері түрме және басқа жабық мекемелерге кедергісіз кіруге мүмкіндік алады.

ABAI.KZ. "«Бешбармақ» Капитализм" - Тарих тек зерттеу үшін емес, саясаткерлерге сабақ үшін де қажет. Тарихтан сабақ алмау қаншалықты кірбіңді болса, тарихи дұрыс жолды таба алмау да соншалықты салмақты. Сондықтан әр ұрпақ тарихты саралайды, оған сыни көзбен қарайды, кей тұстарын жаңғыртып, зиянды жағын ескереді − әр заманның көрегендігі мен ойшылдығы осында! Тарих өзін құрметтегенді көкке көтереді, ескермегенді аяқ астына тастайды − бәрі де оны қалай қабылдағанға байланысты...

"Қазіргі моңғолдар Шыңғыс ханның шын мұрагері ме?" - Интернет беттерін ақтарып отырып, орыс сайттарының бірінен тарихтағы «Моңғол шапқыншылығының» болғанына күдік келтірген мақалаларды кезіктірдім. Онда моңғолдар деп жүргеніміз Батысқа жорық жасаған орыс князьдерінің бірі болуы мүмкін деген пікір беріліпті. Еуропа мен Азияны дүбірлеткен Шыңғыс хан қосындарының шаңды жорығынан хабарсыз адам бұл мәліметтерге иланып қалуы ықтимал. Бұл – бізде де талай талас тудырған тақырып.

NAMYS.KZ. "Қазақстанда педофилдерге өлім жазасын тағайындау ұсынылды" - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Алтынбаев мырза журналистерге берген сұхбатында педофилдерге өлім жазасын тағайындау жайлы салмақты үндеу тастады.

ALASHAINASY.KZ. "Соғыстағы басты қару кітап еді" - Отандық баспа ісі мен баспа өнімдері 1941-1945 жж. елін сүюге, қорғауға бағыт­талып, басқыншылыққа қарсы күрес­ке, елдің күш-қуатын ортақ іске жұмыл­дыруға және халықты патриоттыққа тәр­биелеуде және жеңіске деген сенімін арт­тыруда маңызды қызмет атқарды.

"Мүсін өнері неге көңілден шыға бермейді?" - ...Кейбір жағдайда алдымен қаржы мәсе­ле­сіне баса назар аударып, басқасына бас ауырта бермейтін шығармашылық иелері жоқ  деп ешкім дау айта алмайды. Мәсе­лен, ескерткіш орнатуға лайық деп таныл­ған тұлға батыр болса, ол міндетті түрде аттың үстінде отырады, болмаса жауға қарсы шауып бара жатады. Бір сөзбен айтқанда, кейбір мүсіншілердің жасаған дүниесінен еш­қандай ізденісті, жаңа­шыл­дық­ты байқау өте қиын. Ескерткіш өлілерге орна­тыл­май­ды, тірілер белгілі тұлғаның өмір жолынан өнеге алсын деген ниетпен жасалады. Көбі осы талапты түсіне бер­мей­тіні жасы­рын емес.

"Рингіге айналған рейд" - Алматы қаласында Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастамасымен сауатсыз жарнамаларға қарсы рейд жүргізілді. Мемлекеттік тілдегі мәтіндері қате жазылған маңдайшалар мен жарнамалық өнімдерді түзету жөніндегі ескертпе қағаздарын тарату мақсатында құрылған топ ақыр соңында өз ішінде дау шығарып, тағы бір мәрте мемлекеттік тілге деген салғырттығын көрсетіп қайтты.

AIKYN.KZ. "Отандық нарықты шетелдік өнімнен қалай қорғаймыз?" - Алаңдатарлық болатыны сол, мысалға, 2007 жылы жылқы етін сырттан тасу деген мүлдем болмапты! «Ал 2012 жылы жылқы етінің импорты 5,8 мың тоннаны құрады» деді ол.

"Түркияны не түлен түртті?" - Түркияның дүрлігіп жатқанына жиырма күннен асты. Әзірге тоқтала қоятын сиқы жоқ. Даудың басы кішкентай ғана саябақ – Гезиден басталғанымен, өзегінде өзге дүние жатыр. Мұны бірнеше факторға бөліп қарауға болатын сияқты.

"Иран иліге ме?" - Израиль басылымдары «Иранда айтарлықтай өзгеріс бола қоюы екіта­лай» деп жарыса жазуда. Әрине, кім не десе де, өз еркі. Ең бастысы, 70 миллион­ның үстінде халқы, аса зор көмірсутегі оты­ны­ның қоры бар, әлемнің ірі мемле­кеттерінің бірі Иранның алдағы тірлігі қалай өрбімек, ол билік тізгінін енді ғана қолына алған реформатор Хасан Роу­ханидің ендігі жасар қадамына байла­нысты. Ал ол Батыспен арадағы сал­қын­дыққа жылымық орнауға кірісетінін мәлімдеп те үлгерді.

"Атамбаев қайтпек?" - Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев алдағы уақытта осы елдің бұрынғы президенттері Асқар Ақаев және Құрманбек Бакиевтің кейпін кие ме, кимей ме? Қазір айырқалпақтылардың негізгі әңгімесі осы болып тұр.

EGEMEN.KZ. "Жылы сөз, жылышырай тапшылығы байқалуда" - Жемқорлыққа қарсы жап-жақсы күрес бар. Алайда ол кеңесшілдік (яғни мәселені шешуді сөзбұйдаға салу, лауазымы жоғарыға құрдай жорғалау, ал лауазымы төменді самарқау қабылдап, сызданып қарау, керенау сөйлеп, селсоқ тыңдау секілді келеңсіздіктер тасасында қалып қойды. Енді бұл жаман әдет бірқатар жоғары лауазымдылар тарапынан ғана емес, кейбір қатардағы қызметкер, тіпті қарапайым ғана қызметші тарапынан да байқала бастауда.

BNEWS.KZ. "Микрофон ұстаған министрді, диктофон ұстаған депутатты көруге дайынсыз ба?" - Қоғамдағы өзекті мәселелер мен орын алып жатқан оқиғалар жайында халықты құлағдар ететін қызығы мен шыжығы мол мамандық – ол журналистика. Ақ пен қараны ажыратып, ақпарат алу жолында отқа да суға да түсуден тайынбайтын қаламгерлер қазіргі күні қоғамның маңызды тұтқасына айналып отыр десек, артық айтпаймыз. Халық пен билік арасын жақындататын да, алшақтататын да осы тілшілер. Көзге жиі түсіп, сынға да жиі ұшырайтын сол баяғы БАҚ өкілдері. Ендеше, саясатты сары қымызша сапырып, экономика мен қаржы саласын шемішкеше шағатын шенеуніктеріміз журналист кейпіне енуге қалай қарайды екен?

24 маусым 2013, 12:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.