Атырау, 26 желтоқсан 16:09
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Грантпен қоса миллион теңгеге ие болды

2 462 просмотра

Білім беру грантынан бөлек, СТГ-нің алқа иегерлері Атырау облыстық әкімдігінен марапат түрінде 1 миллион теңгеден сыйақыға ие болды.

21 маусымда облыстық әкімдікте ҰБТ-дан ең жоғарғы 125 балл жинаған ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның үш түлегіне, сонымен қатар олардың ата-аналары мен педагогтарына құрмет көрсетілді.

Мен мектепті алтын медальмен бітірдім, содан соң институтты жақсы аяқтап, кандидаттық, докторлық ғылыми дәрежені қорғадым. Қай жерде болмасын маған білімім көмектесті. Бәрі де алған жақсы білімнен басталады, - деді Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ алқа иегерлеріне 1 млн теңге сомасындағы сертификаттарды табыстап.Самал ҚҰМАРОВАақшаны Ұлыбританияда білім алуға жұмсамақ. Ал Нұржан ХАМЗАЕВ пенАқбөкен САХТАНОВ үшін бұл шығындар бабы өзекті емес. Білім беру грантының иегерлері еліміздің кез келген жоғарғы оқу орнында тегін оқуға құқылы. Сөйтіп екеуі де Назарбаев Университетін таңдаған.

Сынып жетекшілері Гүлмарал ӘБІЛОВА менОльга ЯБЛОКОВА, гимназия директорыСофья ӘЛІБАЕВА, сонымен қатар балалардың ата-аналары Құрмет грамоталарын алды. Бұдан басқа, оларға ынталандыру сыйы ретінде «Қазақстан геологы» пансионатына 21 күндік жолдама табыс етілді. Б. Ізмұхамбетовтің айтуынша, биыл Железноводскіде орналасқан пансионатты Қазақстанның меншігіне беру туралы мәселе шешілген. Енді ол жерге жөндеу жүргізіліп, жаңа медициналық жабдықтар сатып алыныпты. Мұғалімдер мен ата-аналарға тек бару уақытын таңдау ғана қалып отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Жеңіса ТҰҢҒАТАРОВ

21 маусым 2013, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.