Атырау, 25 қараша 22:37
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Шетелге шықпайтындар

2 348 просмотра

Сурет www.info-tses.kz сайтынан алындыСурет www.info-tses.kz сайтынан алындыАтырау облысында бүгінде 4 мыңнан астам тұрғындардың шетелге шығуға құқығы жоқ. Түрлі қарыздары үшін олар сот шешімінен кейін «Бүркіт» ақпараттық жүйесінің базасына енгізілген болатын.

«Қара» тізімге алименттерін, міндетті салықтарды, жол қозғалысы ережелерін немесе қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл төлемегендер, келісім-шарттар бойынша немесе қызметкерлердің (заңды тұлғалардың) еңбекақысы бойынша, сонымен қатар несиелер мен коммуналдық қызметтер бойынша бережақтары бар тұлғалар кіреді. Егер борышкер өз еркімен сот актісін немесе тиісті қаулыны орындаудан бас тартса, сот орындаушысы сот санкциясымен ол туралы мәліметтерді республикалық «Бүркіт – сот орындаушы» бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорына енгізеді. Жүйе бүкіл шекаралық бекеттерге, әуежайлар мен вокзалдарға орнатылған. Тізімге енгізілген Атырау облысының 4 мың тұрғынының жалпы бережақ сомасы – 6,5 млрд теңгеден астам.

Сот орындаушылары өндірісінде 25 мың атқару қағаздары бар, оның 15 мыңы айыппұл санкциялары бойынша, 5 мыңы – алимент төлемі бойынша, - дейді Атырау облыстық сот актілерін орындау департаментінің бастығы Қалдыбек САПАРОВ.

Тізімнен қарызын толық төлеп құтылғаннан кейін ғана шыға алады. Растайтын құжаттарды борышкер сот орындаушысына ұсынуы тиіс, содан кейін оған елден тысқары шығуға салынған тыйым жойылады.

Кейбір борышкерлер, олардың растауынша, тіпті өздерінің қазына алдында қарыздары бар екендігінен бейхабар болған. Мәселен, біреулері бірнеше жыл бұрын көлігін сенімхатпен сатқан, жаңа қожайыны қозғалтқыш қуаттылығына салық төлемеген. Ал дерекқорда машина әлі күнге дейін ескі қожайынының атында тұрады екен. Ұмыт қалған қарыздардың бар-жоқтығын ҚР Әділет министрлігінің сайтынан білуге болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

21 маусым 2013, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.