Атырау, 22 желтоқсан 12:58
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Атырау мұнай өңдеу зауытына 6 миллион теңге айыппұл салынды

768 просмотра

Атырау мұнай өңдеу зауытына (МӨЗ) атмосфералық ауаның сапасын бақылау станцияларында жол берілген бұзушылықтар үшін 6 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды облыстық Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті жүргізген тексеріс барысында, өңірлік экология департаментінің өтініші негізінде, тексерілмеген өлшеу құралдарын пайдаланғаны үшін ("өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" ҚРЗ 19-бабының 1-тармағы), АМӨЗ ӘҚБтК 419-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1600 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Атмосфералық ауадағы мұнай өнімдерінің зиянды газдарының нақты мөлшерін анықтауға және олар асып кеткен жағдайда адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру қаупін болдырмауға мүмкіндік беретін стационарлық газ анализаторларының үздіксіз жұмысы аталған кәсіпорын пайдаланатын өлшеу құралдарының жарамдылығына байланысты  көрсетілген құқық бұзушылықтарға жол берілмейді.

13 маусым, 21:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.