ZHASALASH.KZ. «Керi кеткеннiң сақалы кеңiрдегiнен шығады» - Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы “Өтпелi кезең елдерi – 2013: Авторитарлы агрессия және қатаң экономика режимiнiң қысымы” (Nations in Transit 2013: Authoritarian Aggression and the Pressures of Austerity) атты есебiн жариялады. Еуропа және Орталық Азиядағы 29 елдi қамтыған есеп авторлары Қазақстанды демократиялық рейтингiсi нашарлаған 17 елдiң қатарына қосыпты.
«Күйзелiстiң соңғы нүктесi» - Қазақстандық психологтар соңғы уақытта өз-өзiне қол жұмсаған тұрғындардың күрт көбейгенiн, сондықтан шұғыл түрде төтенше жағдай жариялау қажеттiгiн айтып, дабыл қағуда.
AZATTYQ.ORG. "«Нұр Отанның» көзі мектеп ғимаратына түсті" - Ақмола облысы Ақкөл қаласындағы музыкалық мектеп төңірегінде шу шықты. Жергілікті әкімдік мектеп ғимаратын «Нұр Отан» партиясына бермек. Әкімдіктің бұл шешіміне ата-аналар қарсы.
"Кедей ел мен бай елдің «бала бағу қиындығы»" - BBC әлемдегі азық-түлік жетіспеушілігіне байланысты «15 секунд сайын бір бала аштан өледі» деген мәліметті зерттеген. Ал Daily Telegraph Ұлыбритания балаларын интернеттен құтқару мәселесін қозғайды.
TURKYSTAN.KZ. «Сауысқан келіп саңқ етті» - Естеріңізде болса, осыдан бірер ай бұрын жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабеков Қазақстан халқы ассамблеясының ХХ сессиясында Қазақстан азаматтығына қабылданған 800 моңғолиялық қазақтың Моңғолияның азаматтығын қайта сұрап жатқаны жайында мәлім еткен болатын. Содан бері осы мәселе – БАҚ-тың негізгі тақырыбының біріне айналды. Ең бастысы, жаңағы 800 адамның басым көпшілігі, Моңғолиядан ұзап шықпаған, Қазақстанға аяғы тимеген, алайда, Қазақстан азаматы атанып үлгерген. Осы мәселе талайды таңқалдырып, таңдайын қақтырғанымен, оның нақты себебіне бойлау мүмкін болмай отыр.
«Миллиардер Миттал мемлекеттік қолдауға мұқтаж ба?» - Әсіресе «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына мемлекеттік көмек уақыт күттірмейтінін айтып Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне 10 күн ішінде бұл мәселені реттеуді жүктеді.
ALASHAINASY.KZ. «Хан Кененің басы қайта ма?» - Депутат Азамат Әбілдаев кеше Мәжіліс отырысында Үкіметбасы Серік Ахметовке сауал жолдап, Ресейден Хан Кененің басын қайтару туралы мәселені кезекті рет көтерді.
«Мектепте дені сап-сау бала азайып барады» - Вице-министр Болат Төкежанов мектеп жасындағы жеткіншектер арасында ауру түрлері кең етек алып бара жатқанына алаңдайды. Өткен жылы министрлік оқушыларды тексеруден өткізіп, белең алған ауруларға талдау жасап, біршама жайттың бетін ашқанға ұқсайды. Талдау нәтижесінде Қазақстандағы әрбір үшінші оқушының көз ауруларына шалдыққаны белгілі болыпты.
«Жұмысшының жалақысы өспесе де, орташа жалақының өсетіні қалай?» - Соңғы жылда мемлекеттік қызметкерлердің айлық жалақысы өскен жоқ, ал жекеменшік кәсіпорындардың жұмысшыларының жалақысын арттырғаны жайлы дерек тағы жоқ. Бірақ еліміздегі орташа жалақы көрсеткіші жыл сайын өсіп келеді. Статистика агенттігінің мәліметінше, еліміздегі орташа жалақы көлемі өткен жылы 86 мың теңге көлемінде болса, биыл 105 289 теңгені құрап отыр. Бұл – кеңестік мемлекеттің шекпенінен шыққан елдер арасындағы жоғарғы көрсеткіштің бірі. Алайда бұл көрсеткіштің қайдан алынатыны белгісіз.
AIKYN.KZ. «Сириядағы соғыс: Себеп пен салдар» - БҰҰ мәліметтері бойынша Сирия халқының саны 2011 жылы 20,8 млн адамға жеткен. 15 жастан асқан сириялықтардың сауаттылығы ер адамдарда 86 пайыз, ал әйел адамдарда 73,6 пайызды құраған. Этникалық құрамы бойынша 90 пайызы арабтар, 9 пайызы күрдтер. Елдегі жұмыссыздық 2005 жылы 20 пайызға жеткен.
EGEMEN.KZ. «Өмір, қымбатсың маған!» - Жыл сайынғы зерттеулер жапон ерлерінің орташа жас ұзақтығы 70-80 жас екенін, ал әйелдерінікі 84 пен 93 жас аралығы екенін көрсетеді. Жапондар өздерінің ұзақ өмір сүруі тәсілін «Джап тудей» журналында былай түсіндіріпті: «Біздің ұзақ өмір сүруімізде ешқандай құпия жоқ. Егер біз сияқты көп жасап, сергек жүргілеріңіз келсе, сегіз тәсілді есте сақтаңыздар».
ZHEBE.COM. «Уаһабшылдық қозғалыстың ұлтымыздың жаназасын шығарудан басқа мақсаты жоқ» - Ықылым заманнан бермен Хақ сенімге қылау түсіргісі келетін ындыны бұзық сайтани топтардың арандату, әнжі әрекеттері бір мезетке де дамылдаған емес. Дәуір тудырған ағыстарға қарай мың құбылып, мемлекет, қоғам, ұлт, қала берді адамзаттық мүддемен астасып, қойындасып алып, бір тәңірлік (ханиф) нанымды ту-талақай етуге тепсіне қарекет қылғанына қарт тарихымыз куә.
«Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ: "Біз тәуелсіздікті қан төгіп алған емеспіз"» - Қазіргі таңда «Кеңес үкіметін қалпына келтірейік» деген әңгіме жаппай айтылатын болды. Бұл нәрсе тегін емес. Өйткені Путиннің өзі «ХХ ғасырдың ең басты тарихи апаты – КСРО-ның күйреуі. Мүмкіндік болса сол одақты қайтадан қалпына келтіру керекпіз» деп мәлімдеген болатын. Қазіргі таңда Ресейдің идеологтары осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Өкінішке қарай осы жұмыстарға қазақтан шыққан орыс тілді азаматтар да қосылып кетеді.
ABAI.KZ. «Сонымен Шыңғыс Хан кім болды?» - Шыңғысхан қазақ болса Отырарды қиратпас еді. Бағынбаған адамдарын аштан қырып, қаланы сақтап, әдеттегідей өз адамдарын отырғызар еді.
JASQAZAQ.KZ. «"Күшік күйеудің" лаңы» - Үйді жөндеген өзбек жігіті кәсіпкердің қымбат заттарын және ақшасын салатын сейфтің орнын өз қолымен жасап берген екен. Қарақшылықпен тапқан олжаларын бөлісу үшін олар Көктөбеге тартады. Онда сейфті аша алмай жатқан жерінде қолға түскен. Темір жәшікте 30 мың юань мен Алматы облысындағы жекеменшік жердің құжаты болған.
«Біз үшін басты байлық мұнай емес» - "Жемқорлықтың жауы – жариялылық! Жемқорлыққа ұрынған адам ресми тұлға, не жоғары лауазымды тұлға болса, оның аты-жөні мен жасаған қылмысы барлық газеттерге жазылады. Ол қарабеттіктен қашып құтыла алмайды. Ал қарабет болу – «мансабының соңы» деген сөз. Абыройдан жұрдай болған адамды қайтіп мемлекеттік қызметке кім алады? Екіншіден, қаржылай жаза. Үшіншіден, темір торға қамалады. Біз мемлекеттік қызметте жүріп, жемқорлыққа «қолын былғаған» адамды ешуақытта да ұмытпаймыз. Ол мемлекеттік қызметтен кеткен күннің өзінде масқара болғанын қоғамның есіне салып отырамыз".