Атырау, 23 желтоқсан 00:03
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Атырауда жанжал салдарынан ер адам қаза тапты

Бейнежазба
1 197 просмотра

Маусымның 11-і күні әлеуметтік желіде Атыраудағы базарлардың біріндегі бейнебақылау камерасынан ер адамдар арасындағы жанжал түсірілген видео тарады.

Атырау облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

- Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдікті УҰИ-на қамауға алынды. Жәбірленуші ауруханада алған дене жарақаттары салдарынан қаза тапқан, - деп түсіндірді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім ЕРДӘУЛЕТ.

Кейін марқұмның туыстары журналист Михаил Козачковқа хабарласты.

Олардың айтуынша, базарда кішігірім жол-көлік оқиғасы болған - Амандық Сағынғалиев тізгіндеген «Газель» көлігі Мұхтар Ахмедовтың ескі «Мерседес» көлігінің есігін қағып кеткен, ол балағат сөздер айтып, жүк көлігінің жүргізушісін соққыға жықты.

Оның үстіне Ахмедов қарсыласынан гөрі денесі ірілеу және жас екені анық - ол әлі 40-қа толмаған, ал Сағынғалиевтің жасы 70-ке таяп қалды.

«Газельдің» жүргізушісі ашуланған «Мерседес» көлігінің иесін сабырға шақыруға тырысып, жөндеуге кететін шығынды өтейтін қомақты ақша қолында бар екенін айтқан, бірақ Ахмедов зейнеткерді өзінше жазалағысы келген.

Нәтижесін видеодан көрдік – бірнеше соққыдан кейін Амандық орнынан тұра алмай қалды.

Ағасы айтқандай, оқиға орнына бірінші болып марқұмның қызы жеткен. Ол әкесін жедел жәрдем көлігіне салуға көмектесіп, Ахмедовтың әкесін балағаттап жатқанын естіді.

Сол базарға келген Амандықтың туыстарына жеңіл көліктің жүргізушісі мүлде басқаша айтты – біз сөзге келіп қалып, бір рет ұрып қалғанда ол құлап, басын соғып алды деген. Кейін бейнежазбаны көріп, өтірік айтқанын білген.

Жәбірленушілердің арызы негізінде полиция істі ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігіне («Адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») ауыстырды. Бұл қылмысы үшін қылмыскер 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ахмедов ең үлкен жаза алуы мүмкін. Амандық Сағынғалиевтің туыстарының айтуынша, күдікті бұрын сотты болған – олардың мәліметі бойынша ол бұрын бір ер адамды пышақтап кеткен, бірақ сотта жәбірленушімен татуласып, бас бостандығын шектеу жазасын ғана алған.

Марқұмның туыстары осы қылмысқа куәгер болған азаматтарды полицияға хабарласуын өтінеді. 

11 маусым, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.