Атырау, 18 желтоқсан 21:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Сотта жарақат алған ер адамның ісі жалғасын тапты

998 просмотра

Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен өзінше билік етуге кінәлі тұлғаға қатысты сот үкімі жәбірленушінің шағымы бойынша қайта қаралғаны белгілі болды.  

Сотталушы қорқыту жасау (ҚК-тің 115-бабы), тұрғынжайға қол сұғылмаушылықты бұзу (ҚК 149-бабы 2-бөлігі) баптары бойынша кінәсіз деп танылып, оның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақталды. 

Ол өзінше билік еткені үшін кінәлі деп танылып (ҚК-тің 389-бабының 3-бөлігі), 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды.

Сотта анықталғандай, сотталған мен жәбірленушінің арасындағы заңды неке бұзылып, ортақ некедегі кәмелетке толмаған 5 бала анасының қамқорлығында қалған.

Неке бұзылғаннан кейін ер адам түнде бұрынғы жұбайы әпкесімен бірге тұрып жатырған үйдің ауласына заңсыз кіріп, жуынатын бөлменің терезесінен олардың жалаңаш бейнесін бейнежазбаға түсіріп алған. Келесі күні ол бұрынғы жұбайын нотариусқа шақырып, ол жерде одан ортақ үй құнының бір бөлігін беру туралы қолхат жазуды талап еткен, ал бас тартқан жағдайда түсірілген бейнені интернет желісіне таратамын деп қорқытқан. Жәбірленушіні қолхат жазуға мәжбүрлеп, өзінше билік еткен. 

Бірінші сатыдағы сот тағайындаған жаза сотталғанның жеке басына, істің мән-жайларына және жасалған құқық бұзушылықтар әрекеттеріне сәйкес келмейді. 

Алқа отырысында жәбірленуші құқық қорғау органдарының өзіне және оның балаларына жақындамау туралы бұйрығына қарамастан, сотталғанның үкім шығарылғаннан кейін де оған тыныштық бермегенін айтты. Тергеу барысында және үкім шығарылғаннан кейін де ол өзіне қарсы заңсыз әрекеттер жасап, жүрген жерінде оны бағып жүретінін, балағаттайтынын айтты. 

Бұдан басқа, қазіргі уақытта ішкі істер органдары сотталған азаматқа қатысты баласын өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу бойынша қылмыстық іс тергеп жатырғаны анықталды. 

Баяндалғандарды ескере отырып, үкім өзгертілді: ҚК-тің 389-бабының 3-бөлігі бойынша сотталған азамат 1,5 жылға нақты бас бостандығынан айырылды. Ол сот залынан дереу қамауға алынды. Жәбірленушінің апелляциялық шағымы қанағаттандырылды, деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Осылайша апелляция бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына өзгертті. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

7 маусым, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.