Атырау, 28 желтоқсан 13:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Атырау сотындағы оқиға: ер адам өз-өзіне қол жұмсады

617 просмотра

31 мамыр күні таңертең Атырауда облыстық соттың залында 40 жастағы ер адам соттың ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша шығарған қаулысына келіспей, өзінің тамырын кесіп тастап, өзіне-өзі қол жұмсады.  

Анықталғандай, бұл тұрғынның алғашқы жазасы емес. Ажырасу кезеңінде 36 жастағы әйелі ерін сотқа беріп, ҚР ҚК-нің 389-бабымен (Өзінше билік ету) жазаланған. Осы бап бойынша жазаланушыға айыппұл, түзету жұмыстары немесе қамаққа алу жазасы көзделген.  

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі "АЖ" сауалдарына жауап бере алмады, "жұмыс күні ресми ақпарат беріледі" деп қысқа жауап қайырды. Пайымдауымызша, жаңа тағайындалған жазаға келіспеген ер адам өз-өзіне қол салды. 

"Шаршап кеттім, мені қайта-қайта қамай береді. Шыққаныма 1,5 ай болды. Тағы да екі айға жаппақшы. Әділдік жоқ, мен өзіме-өзім қол жұмсаймын. Басқа амалым қалмады" дейді ол. 

Өзіне өзі қол салған ер адам бірнеше уақыт полиция қызметкерлерін қасына жуытпады. Кейін облыстық ауруханаға жеткізіліп, ол жерден медициналық көмек көрсетілгеннен кейін тергеу изоляторына қамалды. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

1 маусым, 19:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.