Атырау, 23 қараша 14:46
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Жергілікті дәрігерлерге сенбейміз»: атыраулық отбасы неліктен Қазақстаннан тыс жерге көмекке жүгінетінін түсіндірді

727 просмотра

Атырауда мүгедектігі бар балаларды емдейтін маман тапшы. Бұл туралы «Ақ жайық» газетінің редакциясына Түркиядағы дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған отбасы хабарлады.

Себебі, ата-ананың Қазақстандағы медицинаға сенімсіздігі басым, жергілікті дәрігерлерге көңілі толмайды. Оның үстіне, тапқан табысы ас-суынан артылмай жатқан отбасы балалардың емі түгіл, пәтер жалдау құнын төлеуге қиналып отырғанын айтады.

Аманжол ҚҰЖЫРБАЕВ - үш баланың әкесі. Үлкен қызы 12-де, ортаншысы ұл, бес жаста, ал кенже қызы үште. Кейінгі екі баласының денсаулығы үшін күресіп жүр. Ұлының аутизмі бар, ал қызына гемангиома диагнозы қойылған, мұрнында ісік бар. Қазақстандағы дәрігерлер «ісікті ота жасап, алып тастамаса, ол өсіп кетеді және баланың өміріне қауіп бар» деген. Баласы үшін қорыққан ата-ана шетелден ота жасайтын және екінші баласын ұзақ мерзімде емдейтін маманды шетелден тапқан.

- Қазақстанда маман жетіспейді. Аутизммен ауыратын, сосын, ісікке арнайы, қаншама бала шетелге мұқтаж. Астанадан бастап, Алматы, Ақтөбеге бардық. Айтады ғой, государственныйға ешкім барғысы келмейді. Бар, саусақпен санаулы. Себебі, ол жерде ақша аз төлейді. Мамандарды айтам. Олар жағдайын жасағысы келсе, частный боп ашылады... и то ол гарантия емес, сіздің балаңыз емделіп шығады дегенге. Ол мысалы біз қанша частныйға бардық, қанша қаражатымыз кетті. Ол жерде тек жап-жас қыздар, енді амал жоқтықтан, жоқ болғасын маманға барамыз сол үшін. Барып емделеміз. Бірақ результат жоқ. 

Отандық медицинадан көңілі қалған әке жеке меншіктегі ерекше балаларды дамыту орталықтары тым қымбат дейді. Ай сайын 150 мың теңге төлеуге шамасы келмей, амалсыздан, шығарып алған. А.Құжырбаев азық-түлік жеткізу бойынша call-орталықтың операторы болып жұмыс істейді, жалақысы 170 мың теңге. Айлығын балаларының дәрі-дәрмегіне әрең жеткізіп отырған ол қазір жалдамалы пәтер ақысын қалай төлеймін деп бас қатырып отыр. Әйелі екі баланы қарайтын болғасын жұмысқа шыға алмайды.

Аманжол қызына ота жасатып, ұлын ұзақ мерзімде емдету үшін Түркиядағы медицина орталығына апарғысы келеді.

- Ол үшін 10 млн теңге қаражат керек, - дейді ол. Атыраудағы ұлын қаратып келген дәрігерлерге және жалпы елдегі медицинаға неге көңілі толмайтынын ол былай деп түсіндірді. - Нервный срыв дейді ғой, успокацивающий дәрілер жазып береді, порошковый. Соны береміз. ол тынышталады да, бірақ қайтадан күшейе бастайды. Берген дәрілерін бердік, басқа результат жоқ. Бізде сөздің ашығын айтсақ, расымен неге Қазақстанның азаматтары шетелге көбірек жүгіреді, маман жоқ, жетіспейді, сенбейді. Осы бар себебі.

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала мәселелері жөніндегі орынбасары Альмира САБЫРҒАЛИЕВА ерекше балаларды емдейтін маман жоқ деген сөзбен келіспейтінін айтады.

- Мен ешқандай көмек көрсетілмей жатыр деп ойламаймын. Кейінгі он жылда оңалту жұмыстары жолға қойылған және бірнеше оңалту орталықтары ашылып отыр, - дейді ол. 

2023 жылы Қазақстанда 188 мыңға жуық баланың мүгедектігі бар. Былтыр Атырауда ауыр диагнозбен 4174 бала тіркелген. Мүгедектігі бар балалардың саны Қазақстанда кейінгі үш жылда өсіп отырғаны байқалады.

Ал отбасы балаларына ем-домды қазір қолға алмасақ, кеш қалатынына алаңдап, халықтан көмек сұрайды.

Балалардың анасының банк реквизиттері:

Каспи банк: карт нөмірі 4400 4302 5287 9256,

тел. нөмірі: +7 778 780 1351 Науша М. (Kaspi, Halyk)

Халық банк: KZ426010002051213174

NAUSHA MUKNITKYZY

Айнұр САПАРОВА

Суреттерді түсірген автор

3 маусым, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.