Атырау, 23 қараша 18:17
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тасқын кезінде бұзылған жолдарды қалпына келтіруге 28,5 млрд теңге бөлінеді

968 просмотра

Бұл жөнінде көлік министрі Марат Қарабаев Мәжілістің отырысында хабарлады, дейді  Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.

- Тасқын су кезінде бұзылған жолдар бойынша: олардың 11 учаскедегі жалпы ұзындығы 33 км. Кейбір жерлерін су басып, кейбір жерлерін шайып кетті. Бірқатар жерлерін арнайы жырып тастадық. Республикалық жолдар бойынша қалпына келтіру жұмыстарының құны шамамен 8,5 млрд. теңгені құрайды,- деп хабарлады М.Қарабаев.    

Министр атап өткендей, жергілікті маңыздағы жолдардың 275 учаскесін жөндеуге 20 млрд. теңгеден астам қаражат талап етіледі. Нақты сомасы туралы қосымша хабарланатын болады.   

Айта кетейік, су тасқыны кезінде мол судың бағытын бұру үшін республикалық маңыздағы Атырау-Орал жолының кейбір учаскелерін бұзу жөнінде шешім қабылданған болатын.

30 мамыр, 12:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.