Атырау, 31 қазан 12:55
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

«Шикі» жоба

3 075 просмотра

Атырауда интеграцияланған газ-химия кешенi (ИГХК) құрылысының екінші кезеңі – полиэтилен өндірісінің қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау (ҚОӘАБ) жөніндегі қоғамдық тыңдау өткізілді.

АТЫРАУҒА ТИІП ТҰР

«KLPE» ЖШС жобаға тапсырыс беруші боп табылады. Оған қатысушылар мыналар: корейлік «LG Chem Ltd@ компаниясының 50 пайызы, 25% - «SAT & Company» АҚ (49% акциясы Кеңес РАҚЫШЕВҚА тиесілі), 25% - «Біріккен химия компаниясы» ЖШС (100% «Самұрық-Қазына» еншілес кәсіпорны).

Екінші кезең де бірінші кезең (полипропилен өндірісі) секілді үкіметтің мұнай-химия өнеркәсібін дамыту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. «KLPE» ЖШС бас директорының орынбасары Шыңғыс ИСМАҒҰЛОВТЫҢ айтуынша, жылына 800 мың тонна көлемінде полиэтилен өндіру үшін бастапқы шикізат ретінде Теңіз кенішінің құрғақ газы пайдаланылатын болады.

Өндірістік алаң Қарабатан стансасының солтүстігіне қарай шамамен 4 км жерде орналаспақ (станса Атыраудан 40 км қашықтықта орналасқан). 2-кезеңде газ бөлу қондырғыларын, бу крекинг-қондырғыларын, этиленді димеризациялау қондырғысын (Бутен-1 өндірісі), полиэтилен өндіретін қондырғылар және т.б. салу қарастырылған. Технологиялық процесс ТШО-дан алынған құрғақ газдан этан мен пропан алуды және әрі қарай полиэтиленнің түрлі сұрыптарын өндіруді көздейді.

Екінші кезең құрылысының құны 4 млрд долларды құрайды. Пайдалануға беру 2017 жылдың ортасына белгіленген. Құрылыс қызған шақта бұл жерде 4 мыңға дейін адам жұмыс істейтін болады. Исмағұловтың айтуынша, шикізатты кепілдендірілген жүктеу және корейлік серіктес «LG Chem LTD» компаниясымен өнімді 100 пайыз сату туралы уағдаластық жобаның күшті жақтары боп табылады. Қытай, Ресей, сонымен қатар бірқатар Еуропа мен Азия елдері Қарабатан полиэтиленінің тұтынушыларына айналмақ.

 

БҰЛ ЖЕРДЕ ЕШКІМНІҢ КІНӘСІ ЖОҚ

ҚОӘАБ дайындау үшін жалданған компания экологының сөзі қоршаған ортаға ықтимал теріс әсерлер экологиялық рұқсат етілген шекті деңгейден аса қоймайды дегенге сайыды. Жергілікті экологтар, әрине, бұған келіспеді. Олардың басты талабы: осы тыңдауды ұйымдастырушылар, Бірінші кезеңдегі ИГХК қожайындары секілді «Болашақ» зауыты мен Қашаған жобасының теңіз кешенін қосқандағы өз жобаларының қоршаған ортаға тигізетін жалпы жүктемесін есептеп шығаруға құлық танытпай отыр. Алайда әрбір жоба туралы мәліметтер, олардың іске қосылу кезектілігі де бұрыннан белгілі. Осынау «тозақ» тізбегінде ИГКХ Екінші кезеңі соңғы боп іске қосылады. Алайда қоршаған ортаға түсетін жүктемені (жылына 4,9 мың тонна шығарынды) тыңдау ұйымдастырушылары өзгеше есептеген. Алайда ҚР Экологиялық кодексінің 39-бабына сәйкес, қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде тікелей және жанама әсерлермен қатар, «жобаны iске асыруға iлесе жасалатын, өткен, қазiргi немесе негiзделiп алдын ала болжанатын iс-әрекеттерден туындайтын, үнемi ұлғаю үстiндегi өзгерiстер салдарынан пайда болатын» кумулятивтiк әсер есепке алынуға тиiс.

 

СУ ТАЗАРТҚШ СОЗЫЛМАЛЫ ЕМЕС

Жұртшылық айналымдық сумен қамту қанша пайыз құрайтындығы туралы сұраққа айқын жауап ала алмады. Ал ТШО, «Болашақ» зауыты, Құлсары қаласы мен т.б. су алып отырған Астрахан-Маңғышлақ су таратқышынан жылына 9 млн текше метрден астам көлемде су алу жоспарланған. Исмағұлов түсіндіргендей, қазір әлемде 100 пайызға дейін суды қайталап пайдалану үшін тазартуға мүмкіндік беретін озат технологиялар көп екен. Бірақ ол нақты өндірушіні де, осы жобада қолданылатын қондырғы құнын да атай алмады. Дегенмен оның бағасы жобаның жалпы құнына «кірген». Осы жайттардың барлығы, Исмағұловтың айтуынша, кейінірек белгілі болмақ.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

20 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.