Атырау, 18 желтоқсан 23:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Әбілязов пен Храпуновты Қазақстанға қашан алып келеді?". "ҰБТ: ұттық па, ұятқа қалдық па?". "Репрессияшыл билік - халық үкіметі емес". "Саяси шешiмге қарсылық көрсетуге банктердiң дәрменi жете ме?".

2 052 просмотра

SERKE.ORG. «Әбілязов пен Храпуновты Қазақстанға қашан алып келеді?» - «Қазақстанyан ақша жымқырып шетелге қашқандар өз сараңдығының кесірінен шет елде тұрақтай алмайды» деп есептейді құқық қорғаушы Василий Резван. Олар міндетті түрде елге қайтарылады. Қазақстанның әлемдегі позициясы нығайып келеді, ал бұл жағдай олардың экстрадициялануына ықпал етуі мүмкін. Василий Резван. Total.kz сайтына берген сұхбатында осындай пікір айтты.

«Әзірет Сұлтан» түрмеге «грев» жіберіп жатыр ма?» - «Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен өңірдегі басқа да тарихи ескерткіштерді қамтитын «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік музей-қорығының төңірегінде тағы да дау-дамай басталды. Үкімет басшысына және ақпарат құралдарына арызданған музей қызметкерлері кесенеге зиярат етіп келушілер мен туристерге көрсетілетін қызметтің бағасын күрт қымбаттатқан «Әзірет Сұлтан» басшылығы жиналған мол қаржынының бір бөлігін түрмеге «грев» («зектер» мен ұрыларға сырттан жіберілетін «жылу» – материалдық көмек) ретінде жіберіп жатқаны айтады».

ALASHAINASY.KZ. «Шыныдан шыққан баланың кәдімгі баладан айырмасы жоқ» - Қазақстан халқының саны – 17 миллион, ал қазақтың саны 11 миллион адамға жетті деп бөркімізді аспанға атып жатқан кезде, өз елімізде 300-350 мың отбасының бедеуліктің азабын тартып жүргенін ашық айту қажет. Олар да қазақтың санын көбейте алады, егер... Мәселен, экстракорпоралды ұрықтандыру әдісіне жүгінген ондай отбасыларда егіз, тіпті үшем туған жағдайлар бар. Демек, бедеулікке душар болған қазақстандықтардың барлығы ата-ана бақытына бөленіп жатса, Қазақстан халқының саны тағы 1 миллионға көбейе түсер еді.

«Мешіттегі имам «интернет- имамға» төтеп бере ала ма?» - Елдегі діни ахуал күрде­ле­ніп бара жатқан тұста Дін істері агенттігі құрылып, оның басшылығына Қайрат мырза Лама Шариф келгелі екі жылдың жүзі болыпты. Тізгінді қолға алысымен қоғамда кең талқыланған жаңа заңды қабылдатумен бастаған агенттік басшысы кеше осы жылдар ішінде атқарылған қызметін Мәжіліс алдында қорытты. Алдағы жұмыстардың жай-жапсарын да тарқатты. Айтпақшы, «сы­пайылық сақтамағаны» үшін Лама Шариф мырза мәжі­ліс­мен­дерден сөз естіп те қалды.

NAMYS.KZ. «Жандос ҚЫЛЫШБЕК. Депутат Жұматай Әлиев атеизмді алға тартып отыр» - Кеше Парламенттегі кезекті отырыста Мәжіліс депутаты Жұматай Әлиев дінтанумен қатар атеизмді де білім беру ошақтарына міндетті пән ретінде қосу керектігін айтып, үндеу тастады: “Дінтануды біздер көп айтамыз ғой. Сонымен қатар атеизмді де кеңінен насихаттауды алға қою керекпіз. Жоғары оқу орындарында да атеизм оқытылу керек. Таңертеңнен кешке дейін мешітте болу тәрбие болмайды”.

«Мұхтар МАҒАУИН. Подонок» - Жалғыз мен емес, бүкiл қазақ қауымының басындағы ахуал. Қауқарсыз қара халықты айтасыз, өз келесiне келгенде айдаһардай ақырып, аузынан жалын шашып тұрған билеушi таптың бейшаралық айнасы.

JASQAZAQ.KZ. «ҰБТ: ұттық па, ұятқа қалдық па?» - Бас-аяғы бір аптаға созылған Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сынағы аяқталды. Білім жүйесіне тестілеу әдістемесінің енгеніне биыл 10-шы жыл. Осы уақыт аралығында біз білім беру ісінен не ұттық, неден ұтылдық? Бұл бір ауыз сөзбен түйіндейтін сұрақ емес.
ҰБТ туралы талай айтылды, талай жазылды. Аталмыш жүйенің талапкер біліміне, ойлау қабілетіне зияны жөніндегі сауал да көп талқының ортасына түсті. Солардың арасында ҰБТ талапкер білімін әділ бағаламайды дейтін пікір көбірек болғаны анық. Сондай-ақ тестілеуде ой-жады мықты оқушы емес, көз-жады мықты оқушы ұтады деген пікір де көп кезікті.

«Ұйытқысы жоқ ұлт» - Өткен аптаның аяғында әлемдік ақпарат құралдарының назары Ресейге ауды. Бәрі де ел президенті Владимир Путиннің әйелімен ажырасқанын жарыса жеткізіп жатты. Бірақ біздің алып көршімізде бұдан да маңызды мәселе көп еді. «Ажырасу оқиғасынан» бір ай бұрын ғана «Америка дауысы» орыс қызметінің тілшісіне сұхбат берген вашингтондық саясаттанушы, Window on Eurasia блогының авторы Пол Гобл жұрттың көкейін тескен түйткілдер жөнінде сөз қозғаған болатын. Ол Ресейде болып жатқан жағдай туралы ой бөлісіп, Вашингтон мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынасқа баға берді.

NEWSKAZ.KZ. «Крефельд прокуратурасы (ГФР) Рахат Әлиевке қатысты тергеу жүргізуде» - Қазақстандық олигарх Рахат Әлиевке қатысты тергеуді Мальтаның тергеу органдарымен қатар, немістің Крефельд қаласының прокуратурасы да жүргізіп жатыр. Бұл туралы ақпаратты Deutsche Welle басылымына жергілікті прокуратураның баспасөз қызметі хабарлаған.

MASA.KZ. «Дәурен Қуат. Әбденов-Марченко. Қызметтен кім кетуі керек еді?» - «Марченко із-түзсіз жоғалып кетіпті». Кешелі бері орыстілді сайттар осындай бір суыт хабардың шетін шығарып отыр. «Із-түзсіз жоғалып кеткені несі? Сақалды банкиріміз сайтанның жетегінде кетпеген шығар?» ...деп ойлап үлгергенімізше Бас банкиріміздің демалыста жүргенін білдірген бір жүгіртпе жолға  көзіміз түсті. Е, мейлі. Демалыста екен. Әйтеуір өзі экономист әм банкир деп есепке алмайтын Әблязовтың қасынан табылып жүрмесе бопты.

AZATTYQ.ORG. "Репрессияшыл билік - халық үкіметі емес" - Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы "Өтпелі кезең елдері: 2013" атты есебін жариялады. Қазақстан бұл тізімде былтыр демократиялық жағдайы нашарлаған 17 елдің қатарында тұр.

«Жаңа шам мен ескі әдет» - Энергия үнемдейтін шамды қолдана бастаған кезде оларды кәдеге жарату шарасы ескерусіз қалды. Табиғатқа зиянды бұл шамды ортақ қоқысқа тастауға болмайды. Алматыда мұндай шамды жинайтын екі-ақ орын бар.

ZHASALASH.KZ. «“Гастарбайтерден” сақтанамыз ба, үкiметке үмiт артамыз ба?» - ткен аптада Алматыда жан түршiгерлiк оқиға болған-ды. Бiр отбасы мүшелерiн 50 мың доллар үшiн жайратқан – келiмсектер, яғни гас­тарбайтерлер. Бұл — елiмiзде болған алғашқы қылмыстық оқиға емес.

«Саяси шешiмге қарсылық көрсетуге банктердiң дәрменi жете ме?» - Бiрыңғай зейнетақы қорынан кейiн бiрыңғай процессингiлiк орталық құру туралы бастама көтерiлдi. Бiрыңғай зейнетақы қорын құруға табандап қарсы тұра алмаған қаржы институттары ендi бiрыңғай процессингiлiк орталықтың құрылуына жол берiлмесiн дейдi. Өткен аптада журналистермен кездесу өткiзген Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы банктер бiрыңғай процессингiлiк орталыққа мәжбүрлi түрде емес, өз еркiмен қатысуы керек деген ұсыныс тастады.

19 маусым 2013, 09:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.