Атырау, 27 желтоқсан 02:03
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

«ҚазМұнайГаз» басшысының м.а. Атырау қаласындағы өндірістік нысандарды аралады

979 просмотра

Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Асхат Хасенов ҚМГ-ның Атыраудағы еншілес кәсіпорындарында болды, деп хабарлайды Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, ол Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметі бойынша жиын өткізіп, мұнда «АМӨЗ» ЖШС Бас директоры Абзал Досжановтың кәсіпорындағы ағымдағы жағдай мен өндіріс жоспарының орындалу барысы туралы есебін тыңдады.

Жиын қорытындысы бойынша А.Хасенов зауыттың сапалы және апатсыз жұмысын қамтамасыз ету, өндірістік бағдарламаны жүзеге асыру және экологиялық жобаларды уақытылы аяқтау жөнінде тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, ҚМГ басшысының м.а. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) қарасты Жайықмұнайгаз мұнай-газ өндіру басқармасының базасында компания басшылығымен жиын өткізді. EМГ Бас директоры Сәбит Арынов кәсіпорынның ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы өндірістік-қаржылық қызметінің нәтижелерімен таныстырды, сондай-ақ, компанияның инвестициялық жобаларын іске асыру барысы туралы баяндады.

«Ембімұнайгаз» АҚ-да 2023 жылы мұнай және конденсат өндіру көлемі 2 млн 722 мың тоннаға жетті, жоспар бойынша көрсеткіш 2 млн 706 мың тонна болатын. Осылайша, компания былтыр  өндіру жоспарын 16 мың тоннаға асыра орындады. Сондай-ақ 2022 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 5,5% өсті.

Сәтті жүзеге асыру ЕМГ-ге өнім өндірудің тұрақты деңгейін сақтауға, сондай-ақ, компанияның өндірістік нысандарын энергиямен қамтамасыз ету сенімділігіне мүмкіндік беретін геологиялық барлау жұмыстарының барысы талқыланды. Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде 2023 жылы С.Нұржанов кен орнының Шығыс қанаты мен Солтүстік Уаз кен алаңы игерілді.

Сонымен қатар, жиын барысында компанияның мұнай қорларын тиімді игеруге ықпал ететін өнім өндірудің соңғы сатысындағы кен орындарында жүргізіліп жатқан геологиялық және техникалық іс-шаралар талқыланды.

А. Хасенов іссапар барысында сондай-ақ еншілес кәсіпорындардың өндірістік объектілерді су тасқыны қаупінен қорғау үшін қабылдаған шараларын тексереді.

23 мамыр, 14:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.