Атырау облысында Махамбет пен Сарытоғай арасындағы жол қозғалысы қалыпқа келтірілді, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.
"Атырау облысында көп мөлшерде келіп жатқан судың салдарынан Махамбет және Сарытоғай ауылдарының арасындағы автожол жырылып, жол қозғалысы уақытша тоқтатылған болатын.
Жергілікті мемлекеттік органдар "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ бірлесіп, аталмыш жол учаскесін қалыпқа келтіру бойынша жедел жөндеу жұмыстарын жүргізді.
2024 жылғы 21 мамырда сағат 01:00 шамасында жол ашылып, көліктердің жүруіне рұқсат етілді" - делінген хабарламада.