Бұл туралы Атырау қалалық ПД хабарлады.
19 мамыр күні сағат 10:30 шамасында Атырау-Индер тас жолында Ақжар ауылының маңында 1968 жылы туған УАЗ көлігінің жүргізушісі солға бұрылу кезінде жол бойымен қарсы бағытта қозғалып келе жатқан 1980 жылы туған жүргізуші басқарған Mercedes автокөлігімен соқтығысқан.
Салдарынан Mercedes көлігінің жолаушысы 1954 жылы туған азамат облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір тиісті құжаттар жинақталуда.