ABAI.KZ. «Революция: Келесі кезекте Қазақстан ба?..» - Сенатор Маккейннің қоры орналасқан кеңсенің ішінде бір футболка ілініп тұр. Онда алдағы уақытта қай елде "Ұлы революциялар" болуы тиіс екені жазылыпты. Киімнің сыртында тоғыз мемлекеттің аты көрсетілген. Кейбір елдің тұсына «TBD – To be done», яғни «бұл елде революция болуы тиіс» деп үлкен әріптермен жазылған. Бұл тізімде Қазақстан көш басында тұр. Құрама штаттардың кейінгі жылдары талай жерде дүрбелең ұйымдастырып жүргені белгілі. Әсіресе араб елдеріндегі революциялардың сценарийі АҚШ-та жасалғаны кейінгі кездері ашық айтылуда. Сыртқы күштердің демеуімен бүлік бастаған бұл мемлекеттерден қазір береке қашты.
«Ұлттық тарих: Сарайшық су астына кетіп барады» - Жолым түсіп, жақында Сарайшық қаласының орнына табан тіредім. Тарихи орынды көруге деген іңкәрлік, бабалар тарихына деген құрмет сезімі осы қадамыма себеп болған еді. Алайда көне қаланың орнына барып, тарихи жәдігермен танысу барысында көңілім су сепкендей басылды. Бұл - тарихи орынның мен күткендей маңызды болмауынан емес, бүгінгі ұрпақ тарапынан қамқорлықтың жоқтығынан туындаған еді.
«Ұлттық демократиялық мемлекет құрудың тұжырымдамасы (жоба)» - Егер мемлекеттің саясаты мемлекет құрушы ұлттың мүддесіне қайшы келіп, мемлекет құрушы ұлт өкілдерінің құқықтары мен бостандықтары қорғалмайтын болса, ол ұлт мемлекеттік саясатты өз мүддесіне жұмыс істеуге бағыттаудың барлық мүмкіндіктері мен тетіктеріне ие болуы тиіс. Халық билікке емес, билік халыққа тәуелді болуы қажет. Себебі, Ата заңымыздың өзінде мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы – халық екені анық көрсетілген.
TURKYSTAN.KZ. «Тайып Ердоған Түркиядағы ереуілдерді «үлкен ойынға» балайды» - Казлышешмедегі майдан өте алып алаңдардың бірінен саналады екен. Халық екі сағат бұрын алаңға лық толды. Жергілікті әкімшіліктің есептеуі бойынша,бір миллион екі жүз мың адам келген. Оның сыртында алаңға сыймаған көпшілік, ереуілді алыстан бақылады.
«Бас банкир зейнеткерлікке емес... демалысқа кетті» - Соңғы кездері Қазақ қоғамында қызу пікірталас тудырған әлеуметтік реформаға қатысты заң жобасын ҚР Парламентінің екі палатасы да мақұлдап, құжат Елбасыға жөнелтілген еді. Заң жобасына қатысты халыққа Үндеу жолдаған Н.Назарбаев құжатты қайта қарауға жіберді. Заң жобасын шала дайындағаны және халыққа түсіндірме жұмыстарын дұрыс жүргізбегені үшін Үкімет пен Ұлттық банкті сын тезіне алды. Арада екі күн өткенде, анығында, апта басында ҚР Ұлттық банкінің басшысы Григорий Марченко аяқ астынан демалысқа кетті.
AZATTYQ.ORG. «Иранда тұратын қазақ жыршысы» - Әбубәкір Павиз «Иранда қалған соңғы жыршы қазақ» екенін айтады. Ал қазақстандық фольклортанушы Иран жерінен жеткен ашаршылық туралы жырды «қазақ әдебиетіндегі жаңалық» деп санайды.
«Әлиевтің әйелі президент болуы мүмкін бе?» - Әзербайжан президентінің әйелі Мехрибан Әлиева президент болуға дайындалып жүр ме? Кейбір бақылаушылар «солай болуы әбден мүмкін» деп топшылайды.
NEWSKAZ.KZ. «Мұнайдың бағасы Таяу Шығыстағы шиеленіс эскалациясына қатысты қауіптенуден қымбаттап жатыр» - Brent Crude Oil маркасы солтүстік теңіз мұнай қоспасына IСE наурыздық фьючерстің бағасы (InterContinental Exchange Futures) Лондон биржасында сауда қорытындылары бойынша бір баррель үшін 106,31 долларға дейін 0,35% өсті.
INFORM.KZ. «Дін істері агенттігі: Терроризм мен экстремизмге ұрыну ата-ана тәрбиесінің жоқтығынан» - Оның айтуынша, Атырау облысында терроризмге қатысты сотты болған жастардың ата-аналары да дәл осы секілді өз кінәларын мойындаған. «Бұдан бөлек, көпшілік имамдардың жұмысы да дұрыс деңгейде деп айта алмаймыз. Алдына келген жастардың көтерген мәселесіне нақты, бұлтартпай жауап қату болса игі еді. Мешітте бес уақыт намазды өткізіп отыра беруге болмайды. Жалпы, дінді бизнеске айналдырған дүмшелер де жоқ емес», - деді агенттік басшысы.
HALYKSOZI.KZ. «Әбденовтің есебін Сәбденовке шығартсақ...» - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов бір кездегі Денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаевтың «қасқа жолын» қайталап отыр. Оңтүстік Қазақстан облысындағы белгілі жағдайдан кейін Досаев қоғамды тыныштандыру үшін орынтағымен қоштасқан. Серік Әбденов те міне, бар кінәні мойнымен көтеріп кетіп отыр. Әйтпесе ол министр болған тоғыз ай дегеніңіз түкке тұрмайтынын әркімнің іші білсе керек. Осы тоғыз айдың ішінде ол қатты сөз де естіді, оған жұмыртқа да лақтырды, енді қызметінен алынды.
«Парламентті тарату керек пе?» - Ұзақ уақыт талқыға түскен зейнетақы туралы заң жобасы Ақордадан кері қайтқаннан кейін кіші палата депутаттары тарапынан қайта қолдау тапты. Президенттің сын-ескертпелерін ескерген олар Кәрім Мәсімов арқалай келген заң жобасына қалыс қалмай дауыс берді. Енді аталған Заң жобасына Н.Назарбаев қол қойса, әйелдер қауымының зейнет жасы 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап ұлғая бермек. Ол үшін Үкімет сол уақытқа дейін әйелдерді жұмыспен қамтып үлгеруі керек.
AIKYN.KZ. «Түркістандық өзбектердің түбі қазаққа тіреле ме?» - Осыдан екі апта бұрын қазақ жерінен алтыншы Алтын адам табылыпты. Иә, қағыс естіген жоқсыз, алтыншы. Естеріңізде ме, алғаш рет құнды жәдігер табылғанда, қоғам дүр сілкініп, бүкіл ел алақайлап қуанған еді.
ALASHAINASY.KZ. «Бабалар рухынан айнымаған қос Президент» - Нұрсұлтан Назарбаев елдеріміздің Арал теңізін құтқару ісіне белсене атсалысатынын атап өтіп, Өзбекстанның Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қорына төрағалығы қор қызметін жаңа идеялармен толықтыратынына және Арал теңізі бассейні елдеріне көмек көрсету жөніндегі бағдарламаның үшінші кезеңін іске асыруға мүмкіндік жасайтынына үміт артатынын айтты.
«Түрмелерді лагерьлік жүйеден қалай шығарамыз?» - Түрме десе, төбе құйқасы шымырлайтын қазақ бүгінде қамаудағы адамының саны көптігі жағынан әлем бойынша 31-орында екен. Яғни 100 мың адамға шаққанда, 318 сотталған адам бар. Қолда бар статистикалық деректерге жүгінсек: Тәуелсіздік алған жылдары түрмедегі халық саны бойынша Қазақстан әлемде АҚШ және Ресейден кейінгі үшінші орында болды. Ізгілендіру және басқа да реформалардың нәтижесінде егемендік жылдары бұл көрсеткіш азайды. Қазақстан 2011 жылы 31-орынға жылжып, халықаралық рейтингідегі өз позициясын жақсартыпты. Бірақ 31-орын – көтерем көңілді тоқмейілсуге бастайтын көрсеткіш емес.
EGEMEN.KZ. «Желден жүйрік жануар немесе Қамбар ата түлігін қалай көбейтуге болады?» - Ғалымдардың есебіне сенсек, қазір Қазақстанда жылқы саны 1,5 миллионға жеткен. Елімізде құйрық-жалы төгілген, төрт түліктің төресі Алматы облысында 236 мың бас болса, Шығыс Қазақстан облысында 204 мың көрінеді. Ал Оңтүстік Қазақстанда 180 мың жылқы өсірілуде. Шапса тұлпардың тұяғы талатын кең далада «ер қанатының» кеміп кетуіне негізгі себеп ХХ ғасырдың отызыншы жылдарындағы аштық деп тұжырымдайды сала мамандары. Бірақ 50-жылдардан кейін жылқы шаруашылығы қайта дәуірледі. Кеңес кезеңінде қазақ жылқысы 5 миллионға дейін өсіп-өнді. Десек те, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қолда бар мен қорадағы мал «тістегеннің аузында» кетті.
SERKE.ORG. «Әйелдер Нұрсұлтан Назарбаевпен сөйлескісі келеді. Не үшін?» - «Қазақстан феминистер лигасының» жетекшісі Евгения Козырева әйелдердің қазіргі жағдайы туралы тосын ой айтты. Біріншіден, әйелдер өздері алатын зейнетақы мен балаларына берілетін жәрдемақымен бүкіл отбасын бағып отыр. Бұрын да осындай болған, қазіргі жағдай да осылай. Екіншіден, өңгей ер адамдар басқарып отырған үкіметтің әлеуметтік-экономикалық саясаты тығырыққа тіреліп, зейнетақы қорының төлем мүмкіндігі шектелгенде, бұл проблеманы шешу үшін ауырпалықты тағы әйелдердің арқасына салып отыр.