Атырау, 1 маусым 17:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +27
$ 447.25
€ 485.18
₽ 4.96

"Балалардың көзінше ұрды": Атырау облысының әкімдігі шенеуніктің бұрынғы әйелінің мәлімдемесіне жауап берді

1 022 просмотра
Сурет: Instagram/umbetkaliyeva_notarius, gov.kz

2024 жылдың 17 мамырында Атырау облысының әкімдігі атыраулық Ақмарал Үмбетқалиеваның арызына жауап берді. Ол өзінің бұрынғы күйеуі Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовты тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деп айыптаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Ақмарал Үмбетқалиева бұрынғы күйеуі Ринат Ибрагимовтің 11 жыл некеде тұрған кезінде балаларының көзінше ұрып-соғып, азаптағанын мәлімдеген.

Оның айтуынша, шенеунікке қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 107 бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр. Атырау облыстық полициясы іс ақпан айында сотқа жіберілгенін хабарлады. Ал облыстық сотта іс Атырау қаласының No2 сотында қаралып жатқанын, ол бойынша келесі сот отырысы 29 мамыр күні сағат 10:00 болатынын түсіндірді.

Мақат ауданы әкімінің бұрынғы жұбайының мәлімдемесіне облыс әкімдігі де жауап берді.

"Азамат А.Үмбетқалиеваның бұрын Атырау облысы әкімдігіне жүгінбегенін хабарлаймыз, туындаған мән-жайларға байланысты қызметтік тексеру тағайындалды", - деп хабарлады Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісінің сауалына.

Сондай-ақ, Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың әйелі бұған дейін жүйелі түрде ұрып-соғу туралы айтқан болатын. Карина Мамаш күйеуінің дипломатиялық мәртебесінен айырылып, түрмеге жабылуын сұрады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ал 2024 жылдың 13 мамырында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының БАӘ-дегі Елшісінің бұрынғы кеңесшісінің әйелінің мәлімдемесі негізінде қызметтік тексеру жүргізілетінін хабарлады.

17 мамыр, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.