Бұған дейін де ауданда суды теңізге қарай бағыттау мақсатында екі құбыр салынған. Алайда, өр суының көп мөлшерде келуі қосымша құбыр салуды қажет етіп отыр.
«Махамбет ауданында Жайық өзенінің деңгейі шекті нормадан бір метрден асып кетті. Елдімекендер суға кеткен жоқ. Дегенмен, Талдыкөл, Сарайшық ауылдарында өр суы елдімекенді қоршап тұр. Ауылдарға кірмежолдарға қауіп төнуде. Қазіргі уақытта сай-сала, канал, жыралар көмегімен судың ағысын реттеу бағытындағы жұмыстар атқарылып жатыр. Сондай ақ, су басу қауіпі төніп тұрған Махамбет пен Сарытоғай арасына қосымша екі су өткізгіш тұрба салынуда» деді Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев.
Еске сала кетелік, тасқынмен күрес мақсатында Махамбет ауданы бойынша жалпы ұзындығы 105,5 шақырым бөгет соғылды. Бұл жұмыстар аудан бойынша 18 ауылды қамтыды. Махамбет ауданы бойынша Жайық өзені бойында орналасқан 17 ауыл бар.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы