Атырау, 9 желтоқсан 21:23
 ашықВ Атырау -9
$ 514.65
€ 544.60
₽ 5.17

Елшіні кадрлар мәселесі мазалайды

3 443 просмотра

5-сәуірде Атырауда 10-шы «Мұнай, Газ және Инфрақұрылым» деп аталатын Солтүстік-Каспий аймақтық көрмесі және 5-ші Атырау аймақтық мұнай-газ «Oil Tech Atyrau» технологиялық конференциясы өз жұмысын бастады.

Көрме, әдеттегідей, «Атырау» спорт кешенінде орналасқан. Оған Әзірбайжаннан, Германиядан, Италиядан, Қазақстаннан, Қытайдан, Ресейден, Украинадан 70 компания қатысқан. Өзінің өндірістік филиалдарымен «БӨ ҚазМұнайГаз» АҚ, Теңізшевройл, НКОК, «АтырауНефтеМаш», «Ақтөбе металл емес тұрбалар зауыты», «Воткинск зауыты», «Харьковмаш» және басқалар секілді мұнай-газ өндіретін компаниялар, өңдеуші зауыттар мен ірі сервистік компаниялардың өкілдері келді.  

Көрменің тақырыптық бөлімдері мұнай-газ саласының барлық аясын: өндіру және өңдеу, жабдықтар, тасымалдау, инжиниринг пен консалтинг, геофизикалық қызметтер, қоршаған ортаны қорғау, мұнай-газ кеніштеріндегі қызмет көрсету, экологиялық қауіпсіздік, жеке және өнеркәсіптік қорғаныс құралдарын қамтиды.

Көрмемен қатар «Ренессанс» қонақ үйінде екі күндік «Oil Tech Atyrau» техникалық конференциясы өтті.

Конференция аймақтық болғанымен онда бүкіл елдің шикізат секторына қатысты мәселелер қозғалды.  Біоақ бір нәрсе айқын – Атырау шикізат нарығындағы барлық жетекші ойыншылар санасуға мәжбүр болатын аймаққа айналады. Мәселе мынада – Атыраудағы мұнай кәсіпорындарының үлестік салмағы жалпыаймақтық көлемнің 95,6 пайызын құрайды. Біздің аймағымызға өндірілетін қазақстандық мұнайдың 71 пайызы тиесілі. Бұл жерде 76 кеніш бар, оның 39-ында мұнай өндірілуде, 7-уінде дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ең үлкен мұнай қоры – 7 миллиард тонна мұнай Қашаған кенішінде деп саналады. Мұнай-газ саласындағы инфрақұрылымдық жобаларға жұмсалатын жалпы шығындар таяу жылдары 37 миллиард доллар құрамақ.

ЖЕРГІЛІКТІ ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ЖҰМЫСҚА ТАРТЫЛУЫ ИНВЕСТОРЛАРДЫ АЛАҢДАТАДЫ

Конференцияда сөз алған Ұлыбританияның Қазақстандағы және Қырғызстандағы елшісі Дэвид МОРАН (суретте), өзінің отандық кадрларға қатысты алаңдаушылығын білдірді. Мұнда шетелдік мамандардың саны азаюда, бұл жерде ақылға салған жөн, деп есептейді елші. Әйтпесе болашақта жоспарланған жобаларға теріс ықпал ету қаупі бар екен. Д.Моранның айтуынша, 100 млрд-тан астам доллар үш мұнай-газ – Қарашығанақ, Қашаған және Теңіз кеніштерін игеру үшін инвестицияланбақ. «Осы кеніштерді табысты игеру сіздердің елбасыларыңыздың 2020 жылға дейінгі және одан кейінгі жылдардағы бағдарламасын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады», - деп атап өтті елші. Сонымен қатар, ол әсіресе таяудағы екі жылда халықаралық компанияларды қырағы болуға және осы ірі үш жобаның құнына бақылау жасауға шақырды.

«ЖЕРГІЛІКТІ ӘЙЕЛДЕРДЕН ГӨРІ ЖЕРГІЛІКТІ КАДРЛАРҒА КӨБІРЕК УАҚЫТ БӨЛУ КЕРЕК»

Бұл сөздердің авторы  «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ басқармасының төрағасы Жандарбек КӘКІШЕВ.  

- Біздің талаптарымыздан елші мырза тек әкімшілік жақтарды: жазалауды, келісім-шарттарды алып қоюды ғана көреді. Ал біз қазақстандық қамтуда дамытудың басты саяси бағыт екендігіне барлық шетелдік инвесторлардың назарларын тағы бір мәрте аудартқымыз келеді. Егер біз бұрын тек бағасы, сапасы мен жеткізу мерзімі болуы тиіс деп айтсақ, енді қазақстандық қамту деген мәселені де қосып отырмыз, - дейді Кәкішев.

Кәкішев түсіндіргендей, мұның нәтижесі айдан анық. Бүгінде 30-дай инвестициялық компаниялар жергілікті құрамды дамыту жөніндегі агенттіктермен жұмыс істегісі келеді. «Сіздіңше, елші мырза, Англияға Қашаған аралы үшін жатын блогына тапсырыс бергеніміз дұрыс па?» - деп сұрады Кәкішев. Алайда елші жауап қайтармады.

Конференция барысында сондай-ақ, өнеркәсіптегі соңғы зерттемелер, геологиялық зерттеулер жөніндегі мәселелер талқыланды. Қоршаған ортаны қорғауда Қазақстанның болашақтағы артықшылықтары мен озат шетелдік тәжірибені пайдалану негізінде отандық жоғарғы технология индустриясын қалыптастыру проблемасы көтерілді.

Сәния ТОЙКЕН

Суреттерді түсірген автор

7 сәуір 2011, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.