Атырау, 24 қараша 12:48
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Индерге бұрылатын жолды су шаюына байланысты қайық тасымалы іске қосылды

663 просмотра

Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратовтың хабарлауынша, қайық қызметі Жайық өзенінің арғы бетінде орналасқан ауыл тұрғындарының аудан орталығына қатынауына жағдай туғызу мақсатында іске қосылып отыр.

15 мамыр күні іске қосылған қайықтың тасымалдау уақыты таңертеңгі 9.00-ден  кешкі 19.30 аралығында жүргізіледі. Түскі үзіліс уақыты 13.00-14.30 аралығында. 

"Жайықтың арғы бетінде 4 ауылдық округ пен оларға қарасты елдімекендер бар. Нақтылап айтқанда, Көктоғай, Өрлік, Есбол, Елтай ауылдық округтері және Ынтымақ, Аққала ауылы" деді Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов.

Еске сала кетсек, «Атырау-Орал» тас жолының  Индербор кентіне апаратын 7  шақырым жолды су шайып кетуіне байланысты,  қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында жол қатынасы уақытша жабылған болатын.

Қазіргі уақытта сол жолды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Сонымен қатар, Индербор кентіндегі орталық көпір мен қайық тасымалы аралығына кентішілік бағамен маршрут қарастырылады.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

15 мамыр, 08:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.