«Қорғау-Сергек» қосымшасы арқылы 8 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.
«Қорғау- Сергек» қосымшасы қала аумағында жол ережесін бұзатын жүргізушілерді дер кезінде анықтайды.
Жыл басынан Атырау облысы аумағында қосымша көмегімен 8646 әкімшілік құқықбұзушылық деректері анықталды. Оның ішінде көлігіне жалған мемлекеттік белгі орнатып жүргізгендер - 5 жүргізуші, жүргізуші құқығынан айырылғандар саны- 96, сақтандыру полисын жасаудан жалтарып жүрген 2037 көлік жүргізушісі анықталды. Сондай-ақ, 344 жүргізуші көлікті мемлекеттік белгісінсіз басқарса, техникалық байқаудан өтпеген автокөлік тізгіндеген - 2623 жүргізуші анықталды.
Сонымен қатар айыппұлдарын төлемей жүрген 3541 борышкер анықталып, айыппұлдары өндіріліп, ал арнаулы тұраққа 1043 автокөлік қамалды.
Жол қозғалысын бақылауға алу кезінде автоматтандырылған жүйенің қала аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлесі тиюде. Мәселен, қосымша көмегімен қала аумағында жол-көлік оқиғасын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар бойынша талдау жүргізіліп, құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында тиісінше жұмыстар ұйымдастырылуда.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА