Атырау, 12 желтоқсан 09:09
 қар жаууы ықтималВ Атырау +1
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

Зорлықшы полицейлер 9 жылға сотталды

2 810 просмотра

13 маусым күні үстіміздегі жылдың 28 қаңтарында Құлсарыда Тараз қаласында туған 35 жастағы әйелді зорлаған екі полиция және бір өрт сөндіруші қызметкерлеріне қатысты соттың үкімі шықты.

Сот 28 қаңтар күні түнде 1-ші ескі ықшам ауданындағы 14-үйде орналасқан қызметтік бөлме ішінде учаскелік полиция инспекторының көмекшілері – аға лейтенант Б. МОЛДАШЕВ және лейтенант М. ҚАРАБАЕВ, сондай-ақ, аудандық ТЖ бөлімінің өртке қарсы қызмет сержанты Қ. ХҰЛДЫРАХМАНОВ алдын ала сөз байласып, Л. есімді әйелді топпен зорлағандығын анықтады («Форма киген зорлықшылар»). 

Жылыой аудандық сотының шешімімен полиция қызметкерлері кінәлі деп танылып, ҚР ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігінің «а,б» тармақтарымен («Зорлау»), 121-бабы 2-бөлігінің «а,б» тармақтарымен («Нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану») және 308-бабы 4-бөлігінің «а» тармағымен («Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану») мүлкін тәркілеумен бірге 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Өрт сөндіруші-сержантқа да ҚР ҚК-нің 120, 121-баптарының 2-бөліктерінің «а,б» тармақтарымен 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Сотталушылар жазаларын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болады.

Сот сондай-ақ, жәбірленушінің пайдасына 1 млн теңге өндіруге қаулы қабылдады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

14 маусым 2013, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.