Атырау, 26 желтоқсан 23:02
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Форма киген зорлықшылар (толықтырылды)

3 884 просмотра

Бейресми дереккөздерімізден белгілі болғандай, Атырау облыстық ІІД Жылыой ауданының екі полиция қызметкері Жамбыл облысында туылған әйелді қорлап, зорлаған.

Оқиға 27 қаңтар күні кеште Құлсары қаласы полициясының тірек пунктінің ішінде орын алған. Екі полицей 1978 жылғы әйел адамға күш қолдану арқылы жыныстық қатынас жасап, денесіне темекі тұқылын басып қорлаған. Кейін олар басына целлофан пакет кигізіп, қаланың сырт жағына далаға лақтырып кеткен.

Қазіргі кезде осы оқиғаға қатысы бар деген үш адам тұтқындалды. Олардың екеуі полиция қызметкерлері, ал үшінші адам Құлсары қалалық өртке қарсы қызметінде жұмыс істейді деген мәлімет бар.  

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ берген комментарийі:

«Құлсары қаласында уақытша тұрып жатқан Тараз қаласының 1979 ж.т. тұрғыны расында да үш белгісіз жігіт еркінен тыс күштеп зорлады деп шағымданған болатын. 

Жылыой АІІБ қызметкерлері үш адамның тұлғасын анықтап, ұстады. Олардың екеуі учаскелік полицияның көмекшілері. Тексеру амалы барысында оларды жәбірленуші таныды.

Ұсталғандар уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп, сараптама тағайындалды».

Бұл фактіге байланысты облыс прокурорының көмекшісі, арнайы прокурор А. Қ. ДОСЫМБАЕВ келесі жайтты хабарлады:

- 2013 жылдың 28 қаңтарында Жылыой аудандық прокуратурасына азаматша Л. өзін полиция формасын киген бейтаныс адамдар сөз байласып, топ болып және күш қолданып қорқытып бірнеше рет еркінен тыс зорлағаны жөнінде шағымданған. Қазіргі уақытта тергеудің құпиялылығына байланысты қылмыс жасаған адамдардың және жәбірленушінің жеке бастарының мәліметтері жарияланбайды.

«АЖ» ақпараты бойынша, ұсталған екеу учаскелік инспекторлардың көмекшілері – полиция офицерлері: олардың бірі лейтенант, екіншісі – аға лейтенант. Ұсталған үшінші тұлға аудандық ТЖ бөлімінің қызметкері боп табылады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 ақпан 2013, 13:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.