Атырау, 24 қараша 15:55
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Талдыкөл ауылынан 146 жергілікті тұрғын эвакуацияланды

599 просмотра

Бейбарыс ауылдық округінде Талдыкөл ауылының тұрғындарын алдын ала эвакуациялау жалғасуда, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб. 

- Бүгінде 146 жергілікті тұрғын эвакуацияланды. Оның ішінде: 91 бала, 5 студент, 55 қарт адам, 3 жүкті әйел және 4 мүмкіндігі шектеулі адам бар. Олардың барлығы APEC жоғары колледжінің эвакуация пунктінде орналасқан, - деп хабарлады Махамбет ауданының әкімдігі. 

Еске сала кетейік, 13 мамырда Махамбет ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы Талдыкөл ауылының тұрғындарын кіреберіс жолдың су басу қаупіне байланысты эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Ауыл тұрғындарын эвакуациялау жалғасуда.

14 мамыр, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.