Махамбет ауданының Талдыкөл ауылынан тұрғындарды Атырау қаласына эвакуациялау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
13 мамыр күні сағат 23.00-тегі ахуал бойынша Талдыкөл ауылынан 129 тұрғын, оның ішінде 102 бала эвакуацияланды.
138 адам, оның ішінде 62 бала өздігінен эвакуацияланып, туыстарына орналасты.
Махамбет аудандық ТЖ жөніндегі жедел штабының хабарлауынша, эвакуациялауға 25 орындық 4 автобус, 12 орындық 2 газель автокөлігі, 30 қызметкер, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау бағытында 3 полиция автокөлігі жұмылдырылды.
Эвакуация жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта елді мекеннің тұрғын үйлерін су басқан жоқ.