Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіне Қытай Ғылым академиясы Шыңжаң бөлімшесінің президенті Chen Xi бастаған делегация академиялық және ғылыми қарым-қатынас орнату мақсатында жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Шыңжаң ғылым және технологиялар қауымдастығы, Шыңжаң экология және география институты, Шыңжаңдағы Гонконг зерттеу және үздіксіз білім беру институты, Цзянси педагогикалық университетінің өкілдері оқу орнының инфрақұрылымымен танысып, ғалымдармен кездесті.
Кездесу барысында Utebayev University ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Ринат Искаков ғылым, жоғары білім саласындағы халықаралық байланыстар мен атқарылған жұмыстардың нәтижесін атап өтті.
Алдағы уақытта қытайлық ғалымдармен бірге Жайық өзені деңгейінің көтерілуі, Каспий теңізінің экологиялық мәселелерін талқылау тақырыбында Utebayev University базасында халықаралық конференция өткізу жоспарланып отыр.