Атырау, 24 қараша 15:53
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда Сарыөзек каналының су жарып шыққан аумақтары бітеліп жатыр

617 просмотра

Еркінқала ауылдық округінің әкімі Мұхтар Құмарғалиевтің айтуынша, қазіргі уақытта Сарыөзек каналы бойына қосымша техникалар жұмылдырылды, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.

«13 мамыр күні Сарыөзек каналының тас жол бойынан 7 шақырым шамасында каналдан су ағу жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта арнайы техникалар көмегімен қаналдың су жарған аумақтарын бітеу жұмыстары жасалуда. Атырау қаласы әкімдігінің тікелей басшылығымен, каналдағы су деңгейін төмендету мақсатында қосымша жыралар арқылы, суды шығару жұмыстары жасалуда» деді  Еркінқала ауылдық округінің әкімі Мұхтар Құмарғалиев.

Сарыөзек каналының жалпы ұзындығы шамамен 60 шақырымды құрайды. Махамбет ауданынан бастау алатын канал Атырау қаласының аумағы және Еркінқала аумағынан өтеді.

14 мамыр, 02:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.