Атырау, 24 қараша 15:41
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Әкімдік қауіпті аймақта тұрған мөлтек аудандарды атады

1 066 просмотра

Бірер күнде Атырауда Жайық өзенінің деңгейі жақын күндері ең жоғары шегіне дейін көтеріледі деп күтілуде. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВ мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

- Атырау облысында тасқынмен күрес жағдайы әлі де күрделі болып тұр. Қазіргі таңда Жайық өзенінің негізгі суы Атырау облысының аумағына кірді. Индер, Махамбет аудандары мен Атырау қаласындағы гидропункттерде судың өсу көрсеткіштері байқалуда. Индер ауданы мен Махамбет ауданында су деңгейі қауіпті межеден асып кетті. Бірақ, салынған бөгеттер әзірге елімекендерді су басудан қорғап тұр. Кеше ғана Индер ауданында ескі құбырлар арқылы судың елдімекен ішіне кіруі орын алды. Бірақ, дер кезінде қабылданған шаралар нәтижесінде судың негізгі бөлігін тоқтататындай мүмкіндік болды. Қазіргі уақытта Индер ауданында бөгеттер қалыпты деңгейде, – деді Ж.Бисембиев.

Еске сала кетелік, Атырау қаласында жалпы көлемі 250 шақырымнан астам бөгеттер соғылды. Дегенмен, қазіргі таңда Бесікті, Алмалы, Талғайраң, Ақжар, Ақсай мөлтек аудандары қауіпті аймақ ретінде қалып отыр. Осыған байланысты, қала көлемінде бөгеттер бойында тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылуда. Осындай кезекшілік Махамбет, Индер аудандарында да жалғасуда.

13 мамыр, 19:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.