Су "Атырау-Орал" республикалық тас жолынан Индербор кентіне бұрылатын жолдың 1,4 шақырымынан шықты. Су басқан жол шамамен 30 метр. Бұл туралы "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК Атырау облыстық филиалының директоры Бекбол МҰҚАШОВ хабарлады.
«Жол бойындағы судың тереңдігі 50 см. 7 шақырым жолдың тағы ойыстау үш жерінен су шығып тұр. Қазір жолда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, уақытша жабылды», - дейді Б.Мұқашев.
Еске салсақ, бұдан бұрын ұзындығы 7 шақырым Индербор кентіне кірме жолды су шайғаны хабарланған болатын.
Орал қаласына баратын автокөлік жүргізушілері үшін Махамбет ауылы арқылы өтетін балама жол бар.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА