Атырау, 24 қараша 15:28
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Алтын сазан» демалыс базасын су басты

Сурет
744 просмотра

Атыраудан 12 шақырым жерде орналасқан қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының бірі су астында қалды.

«Релаксация» ЖШС директоры Замирбек БӨЛЕКБАЕВТЫҢ айтуынша, Ақжар ауылының маңында орналасқан демалыс аймағының 15 гектар жерін 7 мамырда су басты. Соңғы тәуліктерде су үздіксіз көтеріліп, бөгеттерді бұзып, екі қазаншұңқырды, содан кейін бүкіл аумақты толығымен су басқан.

«Демалыс орны түбекте өзеннің жайылма бөлігінде орналасқан, - дейді З. Бөлекбаев. – Алынған шараларға қарамастан, жақында отырғызылған сирек кездесетін өсімдіктер, ағаштар, алма бағы және шаруашылық құрылыстарымен бірге аумақтың 100 пайызы су астында қалды. Бұл учаске 2009 жылы сатып алынған, содан бері демалыс орны үшін абаттандыру жұмыстары жүрігізілді. 2010 жылы су тасқынын бастан өткердік, бірақ сол жылы су екі есе аз болды және шығын онша көп болмады. Айтпақшы, жылдан-жылға Жайық тайызданып жатқандықтан, су басады деп күткен жоқпыз. Дегенмен, табиғат құбылысын болжау мүмкін емес. Жайық өз аумағына жайғасты, оған бұл аумақтың жеке меншік екендігі маңызды емес. Жарайды... Су қайтқаннан кейін қалпына келтіреміз. 2010 жылы аумақ жаз ортасында құрғады, бұл жолы қалай болатынын білмейміз. Ең бастысы, адамдар аман болсын, қалғаны бола жатады».

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

З.Бөлекбаев түсірген суреттер

13 мамыр, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.