AZATTYQ.ORG. «Польша прокуроры Кетебаевты босатты» - Мұратбек Кетебаев - қуғындағы қазақстандық банкир, оппозициялық саясаткер, Назарбаевты сынап келе жатқан Мұхтар Әблязовтың жақын серіктерінің бірі. Ол соңғы жылдары Польшада тұрған және осы елде тұрақты түрде тіркелген. Қазақстанның жергілікті ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, Мұратбек Кетебаевқа қарсы да қылмыстық істер қозғалған. Біреуі - 2011 жылы желтоқсан айында болған Жаңаөзен оқиғасына қатысты іс, екіншісі - Алматыда 2012 жылы "террор ұйымдастырмақ болды" деген айыппен қозғалған іс.
«Өздігінен жүретін робот-көлікке дайынсыз ба?» - Компаниялар өздігінен жүретін автокөлік жасауда елеулі жетістікке қол жеткізді. Бірақ сарапшылар мұндай көлікті пайдалануда технологиялық, заңдық және мәдени кедергілер туатынын айтады.
«Имамның "секс-видеосы" тәжіктерді селт еткізді» - Тәжікстан құқық қорғау органдары «жыныстық қатынас видеосын интернетке кім салғанын іздестіріп жатырмыз» дейді. Осы оқиғаға қатысты бір имам тергеуге алынған.
ZHASALASH.KZ. «Қарнымыздың ашқанына емес, қадiрiмiздiң қашқанына жылаймыз» - “Ұлтсызданған сайын, ұлттық ерекшелiгiмiзден ажыраған сайын бiз әлемдiк қауымдастықпен қауыша түсемiз”. Бiздiң ұлтсыздар осылай ойлайды. Осылай кесiп-пiшiп те қойған. Бұл – өте қате пiкiр. Бiз ұлтсызданған сайын ұсқынсызданамыз. Саяси келбетiмiзден де, рухани бет-бейнемiзден де, адами кейпiмiзден де ажыраймыз. Ал мұның ар жағында маймыл болу, маймылға айналу – оп-оңай.
«Табанының бүрi жоқ тарих немесе Марат Тәжиннiң тағы бiр бастамасы туралы» - Мойындау керек, құлақ үйренген ақордашыл пафостан шыға алмай, билiктiң сойылын бiржақты соқса да, дәл осы баяндамасында мемлекеттiк хатшы Марат Тәжин көтерген көп мәселемен келiспеске лаж жоқ. Мәселен, тұңғыш рет ресми тұлға тарихты зерттеудегi олқылықтар жайында ашық айтты. Тарихи ғылым, оның концептуальдық талаптары тұрғысынан интеллектуал Тәжин көңiлге қонар бiраз мәселе қозғады. Қазiргi билiктiң сыңаржақты әрi сiресiп қалған саясатының аясында осынау жаңашылдық әрi билiк атқарған iстерге деген сыншылдық таныту – сөзсiз құптарлық бастама. Ұзағынан сүйiндiрсiн деп қаласың тiптi...
AIKYN.KZ. «Орталықазиялық ынтымақтастық сыртқы саясаттағы басты бағыттардың бірі болуы керек» - Мәулен ӘШІМБАЕВ, Мәжіліс депутаты: Әскери-жаттықтыру базалары Ауғанстанда, Пәкстанда орналасқан экстремистік топтар өз мақсаттарын Орта Азияда да жүзеге асыруға мүдделі. Бірақ олармен Ауғанстанның, көрші елдердің арнайы органдары, халықаралық коалиция күштері күресуі керек. Егер ондағы жағдай қиындап кетсе, әрине, бұл шекаралас Тәжікстан мен Өзбекстанға тікелей әсер ететіні, оның бір ұшы Қазақстанға да тиетіні сөзсіз. Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз еткіміз келсе, Ауғанстанда тұрақтылық орнауы қажет.
«Тағдырды тапанша шешпеуi тиiс» - Бұл қоғамда кереғар пікірлер туғызған даулы мәселелердің біріне айналды. Министрліктегілер заңға мұндай өзгерту енгізуді соңғы жылдары қызмет барысында тәртіп сақшыларының жиі қаза болуымен байланыстырады. Олардың түсіндіруінше, ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғам алдындағы беделін көтеру үшін ескертусіз оқ ату құқығын беру керек екен. Қоғам осы мәселені талқылап жатқанда сот органдары Алматы қаласының тұрғыны Дәурен Әзімбаевты желкесінен атып өлтірген полицей Мұрат Әбіровтың ақ-қарасын анықтап жатқан еді. Бірнеше инстанцияда қаралған сот ісі жақында толықтай аяқталып, табельдік қаруды заңсыз қолданған полицейге шығарылған Медеу аудандық сотының үкімі күшінде қалды. Ал оның қолынан қаза тапқан Дәурен Әзімбаевтың туыстары марқұмның жылдық асын беруге дайындалып жатыр.
ALASHAINASY.KZ. «Қазақтың көркем күлкісі қайда?» - Бұл театрды Тұрсынбек ұстап тұр деген сөз ақиқат. Сол Тұрсынбек болмаса, басқаларының айтқан әзілі адамның күлкісін емес, жынын келтіретін күйге жетті. Оның артықшылығы – сол, ол – теңдессіз орындаушы. Оның әзілдерінің мәнділігінен гөрі дәмділігі жоғары. Кәдімгі қазақ, кәдімгі қоңыр тірлік. Содан жай адамдар байқай бермейтін нәзік нюанстарды тауып алып, жеткізудегі шеберлігі талайды мойындатты. Бір сөзбен айтқанда, халықтың өз бидайын өзіне қуырып беріп, мәз қылуда алдына жан салмай жүр. Өзге әріптестері Тұрсынбекке ұқсағысы келгенімен, қолдарынан келмейді.
«Өлейін десең – жан қымбат, өлмейін десең – дәрі қымбат» - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақ елін дәрі-дәрмегі қымбат елдердің қатарына қосты. Аталмыш халықаралық ұйымның мәліметінше, біздің елдегі дәрі-дәрмек бағамы Армения, Молдова, Украина, Беларусь, Қырғыз және Ресей елдеріндегіден де аспандап тұр.
EGEMEN.KZ. «Қауіп қайдан демеңіз немесе араны ашылғандарға тоқтау бола ма?» - Сарапшылар, бүгінгі таңда жемқорлық бір мемлекетке ғана емес, әлемдік қоғамдастыққа тұтас төніп тұрған жүйелі қатер болып табылады дейді. Осыған байланысты оған қарсы тұру тек жүйелі жоғары деңгейде ғана жүзеге асырылуға тиіс.
«27 директор қызметінен босатылды» - Республика бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру аяқталды. Қайбір жылғыдай емес, ың-шыңсыз өтті. Осыдан екі жыл бұрын Жаңақорғанда тест сұрақтары сатылып, аймақтың абыройы аймандай болып еді. Оған қарағанда, биыл шүкір. Дегенмен, тоқмейілситіндей ештеңе жоқ. ҰБТ-ға еліміздің 16 өңірі қатысқан. Қызылорда облысы осы 16 аймақ ішінде 11-ші орында тұр. Қуанатын жағдай емес, әрине.
ZHEBE.COM. «Орыс мектебінің мерейі үстем болып тұр» - Күні кеше басталған ҰБТ өз мәресіне жетті. Бұл сында бағы жанып жоғары балл алғандарда, сондай-ақ сүрінгендер де баршылық. Бағы мен бабы қатар келіскен 7 оқушы ең жоғары 125 баллды еншіледі. Ал шектік көрсеткіш 50 баллға қол жеткізе алмағандардың саны 27 465 оқушы болды. Әйтеуір жылда дау дамай мен аяқталатын бұл тест, биыл да өз дәстүрінен жаңылған жоқ. Бұл өз алдына бөлек әңгіме. Ең бастысы қара домалақ қазақ баласының сағы сынбасын дейміз. «Қара домалақ» демекші, бұл cынның аты «Ұлттық бірыңғай тестілеу» болғанымен барша балаға бірыңғай қарамайды. Ашығын айтсақ алалайды.