Атырау, 24 қараша 16:00
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Индербор кентінде су шықты

Бейнежазба
494 просмотра

Алдын ала ақпарат бойынша, судың шығуына бөгет астындағы ескі құбыр себеп болған.

Қазіргі уақытта суды қауіпсіз аймаққа айдау және бөгет тұрғызу жұмыстары қатар жүруде. Төгу жұмыстарына 30 бірлік техника, 20 су айдау құрылғысы және 300-ден астам адам (ТЖД қызметкерлері, әскери қызметшілер, жергілікті тұрғындар) жұмылдырылды. 
 
Қазіргі уақытта Индербор кентіндегі  Жайық өзенінің деңгейі - 1036 см, қауіпті деңгей - 845 см.  
 
Индер ауданы бойынша барлығы 30 шақырым бөгеттер салынды.  
 
Әлеуметтік желіде судың бөгетті жарып өтуі туралы бұрын тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Су шығып кеткен жерде қалпына келтіру жұмыстарын қауіпсіз жүргізу үшін кенттің бір бөлігі электр қуатынан ажыратылды. 

- Қазіргі уақытта тасыған судың салдарын жою мақсатында су Жайық өзеніне айдалып жатыр. Сонымен қатар, апатты учаскенің айналасында үш деңгейлі бөгет салынуда, жағдай бақылауда, - деді Индер ауданының әкімі Дарын ШАМҰРАТОВ. 

Аудан басшысының айтуынша, Индербор ауылының бір бөлігі уақытша  жарықсыз қалады. Сондай-ақ, резервтік бөгет салу жұмыстары жүргізілуде. 

Оқиға орнында Атырау облысының әкімі Серік ШАПКЕНОВ және ТЖ министрі Шыңғыс ӘРІНОВ бар. Ауданның арнайы техникасы жұмылдырылып, облыс орталығынан қосымша техника тартылды.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы


13 мамыр, 09:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.