Атырау, 24 желтоқсан 23:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

​575 жыл еңбек өтілі бар мұнайшылар әулеті

910 просмотра

Доссорлық Қанатбаевтар әулеті – Ембі өндірісінде алғаш рет айналмалы  бұрғылау әдісін енгізген бұрғышы Үсеннен бастау алатын мұнайшылар әулеті. Мұнайшы ұрпақтың бес буынының ортақ еңбек өтілі - 575 жылға тарта уақытты құрайтыны таңғаларлық жайт, деп жазады ҚМГ баспасөз қызметі. 

Өзі жарты ғасырға жуық Ембі зауытында еңбек еткен отағасы Жеңіс Ержанұлы Мақат, Доссор кенттерінің  “Құрметті азаматы”, «Құрмет» орденінің иегері, Ұлы Отан соғысының ардагері, мұнайшы. 

«Күміс алқа» иегері Маржан әжейдің ерен еңбегі күнделікті күйбең тірліктен де асып түседі, себебі ол Мақат өңірінің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, мұнайлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып отырған бизнес өкілі.

Қанатбаевтар әулетінің бесінші ұрпағы Дәурен мен Қанатбек те ата-баба дәстүрі мен ісін жалғастырып, отбасылық мұрасының негізінде мұнай кәсіппен тығыз байланысты екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.

ҚМГ: Адамдар – басты құндылығымыз! 

13 мамыр, 09:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.