ТЖ жөніндегі жедел штаб тұрақты режимде Атырау облысында су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізуде.
Жағалаудағы бөгеттерге қауіпті азайту мақсатында Жайық өзені учаскесінде Көкарна ауылынан Аспа елді мекеніне дейінгі аралықта кеме қатынасын тоқтату туралы шешім қабылданды.
Ерекше жағдайларда ТЖ жөніндегі жедел штабпен келісім бойынша көрсетілген учаскеде шағын көлемді кемелердің жүруіне жол беріледі.
12 мамыр, 16:47