Атырау, 24 қараша 15:52
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қызылқоға ауданындағы үш ұңғыма істен шықты

Бейнежазба
589 просмотра

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылының тұсындағы Қарасу жер асты тұщы су қорында үш ұңғыма тасқын салдарынан істен шыққан.

Құбырларды топан су басып, жер бетіне шығып қалған. Электр желілерінің бағаналары құлауға шаққа тұр. Миялы және Жангелдин ауылдарына ұңғымалардан тәулігіне 30 тонна су алынып тұрған. Бұл туралы облыстық мәслихаттың депутаты Қайырбек БАЙМҰРАТОВПЕН және “Казсушар” РМК қызметкерімен бірге Қызылқоға ауданына барғаннан кейін аудандық мәслихаттың депутаты Есенбай НҰРОВ өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Бұл учаскеде 11 ұңғыма бар. Қазір соның сегізі жұмыс жасап тұр. Е.Нұровтың сөзінше, әзірге су Миялыға белгілі бір уақытта беріліп жатыр.

- Екі ұңғымаға барар 110 мм пластик құбыр үзілген, 2,5 метр тереңдікке көмілген құбыр жаңадан су тасқынынан пайда болған арнаның бойында жатыр. Тұсындағы ток көзі барып тұрған баған қисайып құлап, токтың сымына сүйеніп, жантайып қалған. Оны «Атырау Жарық» АҚ Қызылқоға бөлімшесінің қызметкерлері ток көзінен қәуіпті болған соң ажыратып кеткен.

«Қазсушардың» Қызылқоға бөлімше бастығы С. ТЕМІРҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, 100 метр ұзындықта 110 мм пластик су құбырын жергілікті атқарушы орган алып берер болса және қисайған ток бағанын энергетиктер жөндеп ток көзін қосса, екі су ұңғымасын пайдалануға беруге болады. Тайсойғаннан тартылып жатқан су құбырын іске қоспаса, су мәселесі шешілмейтіні анық байқалады.

«Осы екі ұңғыманы іске қосса, тәулігіне қосымша 30 тонна ауыз су алған болар едік», - деп жазады Нұров.

«АЖ» «Атырау-Жарық» АҚ баспасөз қызметіне сауал жолдап, жауап күтіп отыр. 

Айнұр САПАРОВА

14 мамыр, 03:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.