Атырау, 9 сәуір 17:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 475.31
€ 555.54
₽ 6.05

Атырауда ойын-сауық орталығында жасөспірім биіктен құлап, жарақат алды

883 рет қаралды
Көрнекі сурет

9 мамырда Атыраудағы балалар ойын орталығының бірінде 2014 жылы туған қыз бала биіктікте ойнау кезінде, қауіпсіздік белдігі үзіліп зақым алды.  Ата-анасы жедел жәрдем шақырып, бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. 

«Құлау салдарынан пациенттің сол жақ шынтақ буыны және оң жақ жамбасы көгерген. Амбулаториялық ем қабылдап, үйіне жіберілді, - деді облыстық балалар ауруханасынан. 

Айта кетейік, дәл осы ойын орталығында балалардың биіктен құлауы осымен екінші жағдай болып отыр. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

10 мамыр 2024, 23:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.