Атырау, 3 тамыз 11:15
 дождьВ Атырау +22.1
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94

Мақат ауданында 560 орындық эвакопункт дайындалды

1 294 рет қаралды

Эвакуациялық пункттер мектептерде, спорт кешендерінде және жергілікті колледжде дайындалып отыр, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.

Барлығы 6 эвакопункт Мақат кенті, Доссор поселкесі және Бәйгетөбе ауылында дайындалуда. Қажетті төсек-жабдықтармен қамтамасыз етілген эвакопункттер қатарында
М. Баймұханов атындағы мектеп, Х. Санбаев атындағы мектеп, Мақат мұнай-газ технологиялық колледжі, Мақат аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, Доссор балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, Мақат аудандық №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бар.

Тасқын қауіпі төнген жағдайда бұл эавкопункттерге Махамбет ауданынан тұрғындарды уақытша көшіру жоспарланған.

10 мамыр 2024, 18:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.