Атырау, 24 қараша 15:47
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жыл соңына дейін «Атырау-Астрахань» жолының құрылысы аяқталады

863 просмотра

2024 жылдың соңына дейін «Атырау-Астрахань» автожолының құрылысы аяқталады, деп хабарлады ҚазАвтоЖол. 

 
Республикалық маңызы бар «Атырау-Астрахань» автомобиль жолының 616-833 шақырымының Ресей Федерациясына дейінгі учаскесінде қайта жаңару жұмыстары атқарылуда.
 
Бұл учаскедегі жұмыстар 2018 жылы басталды. Бүгінгі күні 60 шақырым жол аяқталып, қолданысқа берілді. Қазіргі таңда қалған 217 шақырым жолда қайта жаңару (616 шақырымнан 833 шақырымға дейін) жұмыстары жүріп жатыр.
 
Жобаның халықаралық стандарттарға сәйкес орындалуына байланысты, жергілікті компаниялармен қатар, Италия, Түркия және Әзербайжан елдерінің компаниялары да қатысуда.
 
Биыл су тасқынына қарамастан, мердігер компаниялар ауа райының қолайлығына байланысты құрылыс жұмыстарына кірісіп кетті.
 
Қазіргі уақытта жобаға 400-ге жуық арнайы жөндеу-құрылыс техникасы мен 650 аса жұмысшылар жұмылдырылды.
 
Былтыр 616-833 шақырым аралығындағы учаскеде ұзындығы 210 шақырым болатын көлемі 3,7 млн. м3 жол төсемінің құрылысы аяқталды. Сондай-ақ 187,5 шақырым аралықта негізгі қабат және 187 шақырымда ірі асфальтобетон тастардан төменгі қабаты төселді.
 
Осылайша, 187 шақырым аралықта қауіпсіз әрі қолайлы қозғалыс үшін жаңа асфальтобетон жол төселді.
 
2024 жылдың басынан бері 22 мың тоннадан астам асфальтобетон төселіп, ол 9 шақырым жолды құрады.
 
Бұл аймақта инертті материалдардың тапшылығына байланысты жобадағы қайта жаңару жұмыстары ұзақ уақытқа созылуда. Жолды соғуға қажетті қиыршық тастар құрылыс нысанына 1000 шақырымнан астам жерде орналасқан Мұғалжар және Біршоғыр стансаларынан теміржол арқылы жеткізіледі.
 
Бұрын бұл учаске арқылы жол жүру ұзақтығы 5 сағат болса, қазір бүкіл жолды 2 сағаттың ішінде жүріп өтуге болады.
 
2024 жылдың соңына дейін жоба жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.


10 мамыр, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.