Атырау, 23 қараша 18:16
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Әйелдер вагондарында» жолаушылар тасымалы күрт өсті

868 просмотра

Жыл басынан бері 70 мыңға жуық жолаушы «әйелдер вагондарында» жол жүру қызметін пайдаланды, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы".

 Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе өскен (2023 жылы - 34 мыңнан астам әйел). 

Қызмет енгізілген сәттен бастап (2021 жылдың басынан бастап) 359 мыңнан астам әйел сапарын неғұрлым ыңғайлы әрі қауіпсіз ету үшін «әйелдер вагондарында» жол жүруді таңдаған.

Бүгінгі таңда «әйелдер вагоны» 8 жолаушылар пойызы құрамында бар:
-№77/78 «Алматы-Маңғыстау» №07 купе вагоны;
-№351/352 «Алматы-Өскемен» №10 купе вагоны.
-№45/46 «Павлодар-Түркістан» №09 купе вагоны;
-№37/38 «Маңғыстау-Семей» №06 купе вагоны;
-№47/48 «Атырау-Астана» №06 купе вагоны;
-№33/34 «Ақтөбе-Алматы-1» №06 купе вагоны;
-№4/3 «Астана-Алматы-2» №17 купе вагоны;
-№71/72 «Астана-Шымкент» №10 купе вагоны.


Айта кетейік, бұл вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады және әйел жолсеріктер жұмыс істейді. Сонымен қатар, «әйелдерге арналған вагонында» жеті жасқа дейінгі ер жолаушылардың жүруіне рұқсат етілген.

10 мамыр, 14:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.