Атырау қаласының тұрғыны Мостовой каналына ағып жатқан құбыр бейнеленген видеоны редакцияға жолдады.
Қала тұрғынының пайымдауынша, құбырдан Infinity Mall сауда орталығының кәріз суы ағып жатыр.
– Мұнда бірнеше құбыр бар. Олардан қысы-жазы су ағып тұрады, - дейді куәгер.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі бұл кәріз суы емес екенін, оның Infinity Mall сауда орталығына қатысы жоқтығын айтты. Баспасөз хатшысы Ғасырбек Төлегеннің айтуынша, бұл жаңбыр суы және жаңбыр суын каналға ағызуға рұқсат бар.
Айнұр САПАРОВА
Атырау тұрғыны жолдаған бейнежазба