Атырау, 24 қараша 14:32
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Махамбет пен Сарытоғай ауылы ортасындағы жол арасы уақытша жырылды

947 просмотра

Махамбет ауданы ТЖ жөніндегі штабтың шешімімен су деңгейін азайту мақсатында Махамбет ауылы мен Сарытоғай ауылы ортасындағы жол арасы жырылып, қатынас уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.

" Жайық өзені жағы бетінен өр суы мол келіп жатыр. Су деңгейін азайту мақсатында арнайы техникалардың көмегімен ауыл аралық жол бұзылып, ұзындығы 11 метр, ені 1,5 метрлік 2 дана құбыр тұрбасын салу жұмыстары жүргізілді. Осыған байланысты, жол қатынасы уақытша тоқтатылып, ауыл тұрғындарына жағдай толықтай түсіндірілді" деп нақтылады Махамбет ауданының әкімі Қайрат НҰРЛЫБАЕВ.

Махамбет ауылдық округі мен Сарытоғай ауылын жалғап жатырған жолдың жалпы ұзындығы 5 шақырым.

Махамбет, Сарытоғай ауылдарында 12 924 адам тұрады.

10 мамыр, 08:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.