Махамбет ауданында Жайық өзенінің арнасын қураған ағаш қалдықтарынан тазарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.
Бұл жұмысты Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы аудандық филиалының қызметкерлері, сондай-ақ "Қазсушар" РМК облыстық филиалының мамандары атқарады.