Атырау, 16 қаңтар 22:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

​Махамбет ауданында Лесхоз қыстауының тұрғындары эвакуацияланады

Бейнежазба
865 просмотра

Бүгін, 2024 жылғы 9 мамырда Махамбет ауданының ТЖ жөніндегі жедел штабының шешімімен Жайық өзенінің жайылмалы аймағында орналасқан Лесхоз қыстауының тұрғындарын эвакуациялау жоспарланған.

- Барлығы 7 үйдің 30 тұрғыны эвакуацияланады. Олар үшін Д. Туленов атындағы орта мектепте орналасқан эвакопункт дайындалды. Қазіргі уақытта қауіпсіз орындарға жергілікті тұрғындардың 310 мал басы көшірілді, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб. 

Айта кетейік, Лесхоз қыстауы Махамбет ауылдық округіне қарайды. Барлығы 25 үй бар, олардың тек 7-і тұрғын үй. Тұрғындар негізінен мал шаруашылығымен айналысады, олардың көпшілігі Махамбет ауылының жергілікті тұрғындары.

Қазіргі уақытта қыстайтын тұрғындар эвакуациялауға дайын. Жағдай ТЖ жедел штабының бақылауында.


9 мамыр 2024, 19:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.